Баспасөз / Жарияланымдар

Еңбек күні

22.09.2016

 

Дәстүрлері мықты отбасы

Мыңбаевтар отбасы «Богатырь Көмір» Компаниясындағы белгілі еңбек әулеттерінің бірі. Үш ағайынды Богатырь ЖКБ теміржол саласында ертеден бері еңбек етіп келеді.

Ал Мыңбаевтардың еңбек әулетін бастаушы олардың ең үлкен ағасы Қасымжан Темірханұлы. Кенішке жұмыс істеуге 75 жылы әскердегі қызметтен соң келгенін ол бүгін еске алады, бірақ оның алдында ол оқу – курстық комбинатта «дизель-электровоз машинисінің көмекшісі» мамандығы бойынша алты айлық курсты бітірген. Ол кезде абыройлы болып саналатын ОПЭ машинисі болып жұмысқа тұрған. Бұл жұмысты 27 жыл атқара отырып, жас мамандарға орын беріп тепловозға ауысады. Қасымжан Темірханұлы кәсібін ауыстырмастан өзі таңдаған мамандық бойынша міне қырық жылдан аса еңбек етуде. Қазіргі уақытта Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасының «Степная» ЖҚД жұмыс істейді. Басында Қасымжан бұл жұмысты уақытша деп қарастырған болатын, институтқа түсу туралы ойланды, тіпті ЖОО-ның кешкі бөлімінде де оқыды, бірақ оқуды тастап жан-тәнімен жұмысқа кірісті. Жас кездерін еске түсіре отырып ол айтады:

- Бұл менің еңбектік өмірбаянымдағы ең қызықты шақ еді. Біз тәуліктеп жұмыс істейтінбіз, тезірек жөндеуден шығу және жүк тасымалдаудың жіберіп алған көлемінің есесін толтыру үшін сынған техниканы өзіміз жөндейтінбіз. Бригадалық жарыстардағы бәсекелестік рухы бізді баурап алды. Ол кезде барлығы да өз ісінің үздігі болғысы, алдыңғы қатардан көрінгісі келетін.

Қасымжан Темірханұлының еңбектік өмірбаянында маңызды оқиғалар көп еді, соның бірі 500 миллион Екібастұз көмірін салтанатты жіберуге қатысу болды.  

Кәсіп таңдауда ортаншы інісі Жұмақан Темірханұлы да ағасының жолын қуды. Сегізінші сыныпты аяқтасымен ол тау-кен техникумына «Жылжымалы құрам» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оны бітірсімен Солтүстік ЖКБ-ға электровоз машинисі болып жұмысқа тұрды. Әскер қатарына шақыртылды, әскерден келген соң ағасының кеңесі бойынша Богатырь ЖКБ-ға алдымен машинист көмекшісі ретінде жұмысқа тұрды сосын машинист болды. Қазір Жұмақан Темірханұлы машинист-нұсқаушы немесе лауазымның қазіргі атауы бойынша тартқыш агрегатының аға машинисі. Оның 37 жыл бойы Богатырь ЖКБ «Пайдалану» ЖҚД адал еңбек етуі ерекше құрмет болып табылады.  Ең қызығы Жұмақан да ағасы сияқты осы кәсібімен ұзақ жылдар жұмыс істеуді жоспарламаған, тіпті медициналық жоғары оқуды аяқтауды да ойлаған.   

- Біздің әкеміз менің медициналық білім алып дәрігер болғанымды қалап еді, - деп түсіндіреді Жұмақан Темірханұлы. Сонымен қатар барлығы осылай болғанына мен ризамын. Жұмысым өзіме қатты ұнайды. Бұл кәсіпте мен маман болып қалыптастым. 

«Богатырь Көмір» ЖШС-да Жұмақан Темірханұлының жұбайы Ғалия Зейнуллиновна Богатырь ЖКБ №1 энергия шаруашылығының жылу пункітінде оператор болып жұмыс істейді.

Мыңбаевтардың кіші інісі Нұрлан Темірханұлы да мирастықты сақтай отырып теміржолшының кәсібін таңдады. Тау-кен техникумын «Вагон шаруашылығы» мамандығы бойынша аяқтаған ол Богатырь ЖКБ «Богатырская» станциясында поездарды құрастырушы болып жұмыс істейді және ауысым бригадирі. Нұрлан Темірханұлы жұмысты оқумен біріктіре отырып Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік – техникалық институтының «вагондар және вагон шаруашылығы» мамандығы бойынша аяқтап, жоғары білім алды.

Әр ағайынды Мыңбаевтарда еңбек ерлігінің белгілері бар. Еңбегі сіңген марапаттардың көбі үлкен ағалары Қасымжан Темірханұлына тиесілі – «Шахтер даңқы» белгісінің толық кавалері, көмір өнеркәсібінің Құрметті жұмыскері, Құрмет тақтасына ілінумен Компанияның үздік жұмыскері аталды.

Көп жылғы адал еңбегі үшін Жұмақан Темірханұлы да «Шахтер даңқының» құрметті үш белгісіне ие болды.

Биыл «Шахтер Даңқы» екінші белгісін Нұрлан Темірханұлы да алды. Үлкен ағалары оған сенім артады, Нұрланның 25 жыл жұмыс өтілі ғана бар, алда әлі де шығатын белестер күтуде.

Дағдарыс туралы әңгімелерге және қазіргі уақыттың қиын кездеріне қарамастан еңбекқор ағайынды Мыңбаевтар алдағы күнге мол сеніммен қарайды және «Сендік және барлығы жақсы болатынына сенімдіміз» деп  айтады.  

Қанат АЛДАБАЕВ.

Барлық жарияланымдар