Баспасөз / Жарияланымдар

Үлгі көрсету

16.09.2016

 

Мұсылмандардың қасиетті мерекесі Құрбан айтта ізгі істер істеу қалыптасқан. Бұл ұлы рухани пікірге миллиондаған қазақстандықтар жүгінеді. Мұқтаждарға қамқорлық көрсетуді «Богатырь Көмір» компаниясының басшылары да өз борышымыз деп санайды. Бұндай жарқын мерекеде назар мен қолдаудан жас та, кәрі де тыс қалмады. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры С.Қ.Раипов және атқарушы директор, облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Рғайбек өздерінің жеке қаражаттарын игі мақсаттарға жарату үшін қайырымдылық көрсетуге жұмсады.  

Арнайы ұйым үшін және Екібастұз балалар баспанасында кәмелет жасқа толмаған балаларға мерекелік түскі асты ұйымдастыруға екі жасар тайынша сыйға тартылды. Бұл қала құрушы кәсіпорын басшылары тарапынан атқарылып жатқан ізгі істердің бастапқысы емес екенін атап өткіміз келеді. Әлеуметтік мекеменің  педагогикалық ұжымы мен тәрбиеленушілерін «Богатырь Көмір» ЖШС-мен бұрыннан келе жатқан достық қарым-қатынас байланыстырады. Баспана үйінде өтетін бірде-бір мереке және айтулы оқиға богатырлықтардың сыйлықтарынсыз өтпейді.

Қалыптасқан дүстүр бойынша компания басшылығы бұл мерекеде аға ұрпаққа да қамқорлық көрсетті. Отыздан аса азық-түлік жиынтығы ардагер-кеншілерге берілді. Ал денсаулық жағдайлары бойынша сыйлық алуға келе алмағандарға компания өкілдері мерекелік сәлемдемелерді үйлеріне жеткізіп берді.

Қанат АЛДАБАЕВ.

 

Барлық жарияланымдар