Баспасөз / Жарияланымдар

Кәсіби шеберліктің байқауы

15.08.2016

 

Үздіктер жеңді.

Екі кәсіби мерекенің - Теміржолшылар күні мен Шахтер күні қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС-да ПЭ2М (У) тұрақты тоқтың тартқыш агрегаттары машинистерінің арасында «Кәсібі бойынша үздік» атауына дәстүрлі конкурс өткізілді. Кәсіби шеберліктің сайысына теміржол кәсібінің он маманы қатысты.

Байқау басталар алдында оның қатысушыларын серіктестіктің жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директоры Нұрлан Мукулов құттықтады. Барлық байқауға қатысушыларға ол табыс пен адал күресте жеңіс тіледі. Байқау теориялық бөлімнен басталды, қатысушыларға өз білімдерін көрсету керек болды. Олардың барлығына 50 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары берілді. Мысалы «Автотіркеліс сақтандырғышының жарамдылығы қалай тексеріледі?» немесе «№254 локомотиві қосалқы тежегішінің краны қандай негізгі бөліктерден тұрады?». Конкурстың шартына сәйкес әр дұрыс жауапқа қатысушы тиісті бір балды алады. Бірінші турдың қорытындысы бойынша көшбасшы болып шыққандар:ардагерлер арасында – В.Колесников (48 балл), жастар арасында - А. Шаймерденов (47 балл). Содан кейінгі жеребе салу тәжірибе бөлімінде байқаушылардың қатысу кезегін анықтады. Бұл байқауда әр қайсысы арнайы қойылған планканы соқпастан ПЭМ2 (У) тартқыш агрегатын басқарған кезде үздік дағдылары мен кәсіби сезінулерін көрсетулері қажет болды. Ардагерлер арасында Д.Макушин, жастар арасында Б.Батагов тәжірибелік тапсырманы үздік орындай білді.

Екі турдың балл жиынтықтары бойынша әр жастағы топта жеңімпаздар үштігі анықталды: Ардагерлер арасында жүлдегер атанғандар: Рамазан Нұрашев – 1 орын (94 балл); Дмитрий Макушин – 2 орын (92 балл); Вячеслав Зорин – 3 орын (91 балл). Жастар арасында – Борис Батагов – 1 орын (91 балл); Айдын Шаймерденов – 2 орын (77 балл); Евгений Житников – 3 орын (75 балл).

Барлық жүлдегерлерге Құрмет грамоталары, жеңімпаздар кубоктары, сыйлықтар мен ақшалай жүлделер табысталды. ПЭ2М (У) тартқыш агрегаты машинистерінің арасында «Кәсіби бойынша үздік» байқауына қатысқан басқа қатысушылар да марапатталды.

Бір апта бұрын аталмыш конкурс ОПЭ-1 және тепловоз машинистерінің арасында да өткізілді. Бұл байқауда жүлдегерлер үштігі: «ОПЭ-1 машинисі» санатында (жастар) – Евгений Репников (1 орын), Денис Посунько (2 орын), Михаил Литвиненко (3 орын); «ОПЭ-1 машинисттері» санатында (ардагерлер)» - Владислав Брандуков (1 орын), Александр Прокопенко (2 орын), Денис Ольхов (3 орын); «Тепловоз машинисі» санатында - Руслан Сыздыков, (1 орын), Андрей Бутров (2 орын), Александр Ефимов (3 орын).

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

Барлық жарияланымдар