Баспасөз / Жарияланымдар

Оқиға

01.09.2016

 

Богатырлықтардың еңбек даңқтары арта берсін!  

Өткен аптаның барлығында Екібастұз кеншілердің бас мерекесі – Шахтер күнін тойлады. «Богатырь Көмір» көмір шығаратын компанияда бұл мерекені кеңінен және қарқынды тойлау дәстүрге енгізілген. Осы дәстүр бойынша айрықша оқиғаның қарсаңында серіктестікте кәсіпорынның ең үздік жұмыскерлері құттықталды. Осы жағдай бойынша салтанатты жиналыс өткен жұмада «Богатырь» кенішінің әкімшілік корпусының акт залында өткізілді.

Қажырлы еңбектерінің арқасында жер қойнауынан көмір шығаратын қатардағы кеншілер, әртүрлі кәсіптердің өкілдері бұл күні шын мәнінде нағыз батырлар болды. Оларға қаламыздың және кәсіпорынның басшылары шын жүректен жылы лебіздерін білдірді. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры өндіріс озаттарын ведомствалық наградалармен марапаттау салтанатын аша отырып былай деді:

- Бүгінгі күні біздің кәсіпорын Қазақстанның көмір шығарушы саласындағы көш басшылық позицияға ие. Былтырғы жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдың 6 айында сіздердің еңбектеріңіздің арқасында 500 мың тонна көмірді жөнелтуіміз бұны растайды. Құрметті әріптестер компанияның стратегиясын түсініп, қолдау көрсеткендеріңізге алғысымды білдіремін. Сіздерді және сіздердің отбасыларыңызды шын жүректен Шахтер күнімен құттықтаймын, зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық және еліміздің игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

Серіктестіктің атқарушы директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Рғайбек еліміздің экономикасының дамуына «Богатырь» кеншілерінің қосқан зор үлестері туралы атап өтті. Қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков, бас директордың орынбасары Сергей Платонов, «Богатырь Көмір» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрула Тұратаев кеншілерге марапаттарды ұсына отырып «Богатырдың» қаламызға және еліміздің көмір саласына деген маңыздылығы туралы лебіздерін білдірді. 

Адал және екпінді еңбектері үшін «Еңбек Даңқы», «Шахтер Даңқы» белгілерімен, «Көмір өнеркәсібінің Құрметті жұмыскері», «Богатырь Компаниясының үздік жұмыскері» атақтарымен, Екібастұз қаласы әкімінің, қалалық мәслихаттың, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Құрмет грамоталарымен және  алғыс хаттарымен серіктестіктің көптеген жұмыскерлері марапатталды. Шахтер Күніне арналған мерекелік іс-шаралардың бағдарламасы еңбек ардагерлерін құрметтеумен жалғастырылды. Бұрынғы ізгі дәстүрмен компания әкімшілігі ТКЖЖ зауытының асханасына аға ұрпақ өкілдерін шақырды. Ардагерлер үшін арнайы дастарқан жайылды, концерттік бағдарлама дайындалды.   

Серіктестіктің спорттық-сауықтыру кешенінің стадионында өткен халықтық ойын-сауық нағыз көпшілік болды. Богатырлықтарды және қонақтарды кәсіби мерекелерімен компанияның бас директоры Серік Раипов, серіктестіктің атқарушы директоры Қайрат Рғайбек, қала әкімінің орынбасары Ержан Иманзаипов құттықтады. Арнайы дайындалған мерекелік бағдарлама кеншілер мен олардың отбасыларына ерекше көңіл-күй сыйлады.  Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы спорттық жарыстар, мерекеге қатысушылардың акробаттық және күш көрсету нөмірлері, сондай-ақ «Богатырдың» жас таланттарының өнерлері кеншілерге жақсы эмоция мен әсер берді. Ұйымдастырушылар балалар үшін «Біз шахтерлердің балаларымыз» атты балалар суреттерінің конкурсын және ойын бағдарламасын өткізді.

Шахтер күнін мерекелеу дәстүрлі лотерея ойынымен аяқталды, сыйлықтар ретінде компания және оның іскер серіктестері әртүрлі тұрмыстық техника мен бас сыйлық автомобиль тікті. Тағы бір автомобиль қалалық ипподромда жоспарланған бәйге жеңімпаздары үшін дайындалды.   

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.        

 

Барлық жарияланымдар