Баспасөз / Жарияланымдар

Кәсіби шеберліктің байқауыКәсіби шеберліктің байқауы

25.08.2016

 

Олимпиядашылардың бастамаларына қолдау көрсетілді

Кеншілер мерекесі – Шахтер Күінінің қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС-да өз ісінің үздігі атағына күреске экскаватор машинистері түсті. Олар серіктестікте өткен кәсіби шеберлік байқауларының қатарындағы ең соңғысы болды. Богатырлық кеншілер Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиадаға ойдағыдай қатысқан қазақстандық спортшыларды толығымен қолдады деп айтуға болады.

  Кәсіби шеберлік байқауының қорытынды сериясын драглайн немесе қарапайым «шагаи» деген атпен танылған ЭШ маркалы экскаватор машинистері ашты. Еңбек сайысына қатысушыларды «Богатырь» кенішінің бас технологы, конкурстық комиссияның хатшысы Сергей Михайлюк пен «Богатырь Көмір» ЖШС кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Елизавета Майненгер құттықтады. Конкурсты ұйымдастырушылар кеншілерді келе жатқан мерекелерімен құттықтай отырып, табысты бастау мен позитивті ойлау үшін әр қатысушыға ынталандыру жүлдесін табыстады. Содан соң конкурстың өзін өткізуге кірісті.   

  Еңбек сайысының қатысушылары екі конкурстық турдан өтулері қажет болды. Бірінші теориялық бөлімнен өту барысында кеншілер тестік сұрақтарға жауап берулері керек. Оның тақырыбы көмірді өндірудің түрімен анықталды, еңбекті қорғау нормаларына, жұмысты орындаған кезде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі ережелеріне аса назар аударылды. Сонымен қатар жұмысты жүргізу технологиясы, жұмсалған уақыт бойынша да сұрақтар болды.

   Екінші тәжірибелік кезең экскаваторлардың түрленімдерін есепке алумен құрылды. Драглайн машинистері шөмішті шебер басқара отырып, тістерінің бірімен мыс жалпақ тіліктің ілмегіне тиюі керек болды. Екінші тапсырма шөмішке ілінген суы бар пластик шелекті төкпей-шашпай көтеру және бірнеше метрге жеткізу қажет. Осыған ұқсас тапсырмаларды келесі конкурс күндері ЭКГ маркалы экскаватор машинистері де орындаулары қажет.  Бірақ суы бар шелектің орнына олар көп тонналы шөміштің артымен мұқият және өте шебер нақтылықпен сіріңке қорабын жабу керек. Көптеген конкурсанттар сәттілік үлестері әртүрлі болса да алға қойған міндеттеріне жете білді.

«ЭШ маркалы шөмішті экскаваторлардың машинистері» номинациясында жүлдегер атанғандар:

1 орын – Мамаев  Ширафидин Исламович (№3 ЖжәнеҮЖУ)

2 орын – Кавун Сергей Михайлович (№3 ЖжәнеҮЖУ)

3 орын – Коробов Владимир Владимирович ((№2 ЖжәнеҮЖУ))

«ЭКГ маркалы шөмішті экскаватор машинистері» (8И;12УС;15М; 10УС) үштігінде жүлделі болғандар:

1 орын - Любецкий Александр Григорьевич (№3 ЖжәнеҮЖУ)

2 орын – Корниец Андрей Владимирович (№1 ЖжәнеҮЖУ)

3 орын – Барышев Геннадий Евгеньевич (№3 ЖжәнеҮЖУ)

    Барынша кәсіби құзыреттілік деңгейін роторлық экскаватор машинистеріне де көрсету қажет болды. Олардың тапсырмасы да оңай болған жоқ. Алдымен келесі құрамдағы бригада: ротор машинисі, жүк тиегіш машинисі,  электрик-машинист қауіпсіздік техникасын білуден емтихан тапсырды. Содан кейін әрқайсысы тәжірибеде өз білімдері мен машықтарын көрсетулері қажет болды.  Бір сөзбен айтқанда, роторлық экскаваторлар бригадасының конкурсында да өздерінің шиеленіскен сайыстары болды. Мысалы, әрекеттің реттелгендігі және роторлық машинистердің өзара түсінушіліктері мен вагондарға жүк арту үрдісіндегі тиеу тікелей жұмыстың сапасы мен жұмсалған уақытқа байланысты болды.

Сондай-ақ ротор машинистері трассада жүру мен кенжардың төменгі кезеңін өңдеудің технологиясын мінсіз сақтауды көрсетулері қажет болды. Өз кезектерінде машинист-электриктерге тәжірибелік бөлімде экскаватордың электрлік схемасындағы ақаулықты анықтау және жою міндеті тұрды. Бұл жерде анықтаушы факторлардың бірі болып жұмсалған уақыт саналды. Екі турдың қорытындысы бойынша роторлық экскаватор машинистерінің әр номинациясында жеңімпаз үштіктер түзілді.

Машинист – электриктер:

1 орын – Крылов Денис Олегович (ШЖУ-1)

2 орын – Бобылев Андрей Владимирович (ШЖУ – 1)

3 орын – Шафаростов Геннадий Иванович (ШЖУ – 1)

Машинистер-жүк тиеушілер:

1 орын – Цыцаркин Валерий Валентинович (ШЖУ – 2)

2 орын – Зоммер Артем Владимирович (ШЖУ -1)

3 орын – Афанасьев Евгений Александрович (ШЖУ -1)

Ротор машинистері:

1 орын – Кожамбердинов Наби Абдулнасырович (ШЖУ – 1)

2 орын – Князев Константин Евгеньевич (ШЖУ – 2)

3 орын – Казаркин Сергей Петрович (ШЖУ – 2).

«Мамандығы бойынша ең үздік» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау Шахтер Күнінің қарсаңында салтанатты түрде өткізіледі.

Қанат АЛДАБАЕВ

суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.    

Барлық жарияланымдар