Баспасөз / Жарияланымдар

Кәсіби шеберліктің байқауы

16.08.2016

 

Жүргізудің шебері

«Богатырь Көмір» ЖШС-да жыл сайын өтетін «Кәсіби бойынша үздік» атты конкурстар сериясы кәсіби мереке Шахтер Күнінің қарсаңында өткен аптада «Богатырь Көмір» ЖШС-нің технологиялық көлік басқармасының ауыр жүк машиналар жүргізушілерінің арасында өтті.

Өз ісінің үздігі атағына күресу үшін «БелАЗ – 75131» және «САТ – 777 D», сондай-ақ «БелАЗ – 76470 (УПМ) маркалы карьерлік самосвал жүргізушілері түсті.

Конкурс «Богатырь Көмір» ЖШС-нің ұйымдастырушылары - кәсіподақ комитеті мен әкімшілік өкілдерінің құттықтау сөздерімен ашылды. Сосын конкурс өткізудің ережесімен және шарттарымен танысқан 15 қатысушы теориялық тапсырмаларды орындауға кірісті. Тест түрінде дайындалған тапсырмада техника қауіпсіздігі мен көлікті техникалық пайдалануға қатысты 15 сұрақ болды. Бірінші турдың қорытындысын негізге ала отырып, конкурстық комиссияның орынбасары, технологиялық көлік Басқармасының бас инженері Максим Солоха айтқандай барлық жарысқа қатысушылар жақсы білім көрсетті. Соған қарамастан кез-келген конкурста ең үздіктер анықталады. Бұл жарыста ережеден ерекше болмады. Әр номинацияда жарыстың негізгі тәжірибелік бөлігінен шыққан финалға қатысушылардың үштігі түзілді.

«БелАЗ – 75131» жүргізушілері номинациясында финалға шыққандар: А.Қапезов, В.Кобыльченко, Р.Тукаев. «САТ – 777 D» жүргізушілері номинациясында теориялық турда балдың оңтайлы санын жинағандар: Б.Әлжанов, К.Теміржанов, В.Мальцев. «БелАЗ – 76470 (УПМ)» номинациясында іріктеу бөлімінен табысты өткендер: С.Абилов, С.Тұрсынбаев, Д. Мейірбекұлы.

Тәжірибелік турда конкурсқа қатысушылардың қатысу тәртібі жеребе салу барысында анықталды. Тапсырма ретінде барлық жүргізушілерге көлік жылжуының жұмыс технологиялық сызбасына ұқсайтынды жұмыспен өтеу барлық жүргізушілерге ұсынылды. Жалаушаның белгісі бойынша әр конкурсқа қатысушы қозғалысты бастау керек болды, бірақ оны бастамас бұрын нұсқаулықта талап етілгендей тасып шығарушыны алып тастап, қозғалыстың басталғаны туралы дыбыстық белгі беруі қажет. Былай қарағанда үйреншікті және дағдылы әрекетке жеткізілген әрекеттер, бірақ конкурстық жағдай қатысушыларды толқытты. Бұл жерде кез-келген нюанс маңызды болды – фараларды уақытында жағу, бұрылыс белгілерін беу. Құзыретті қазылар конкурсқа қатысушылардың жүргізу шеберлігін және әр конкурсқа қатысушыға берілген жұмысшы карта-сызбамен трасса бойынша автомашиналардың жүруін қатаң қадағалады.

Сырттан қарағанда тәжіибелі жүргізушілермен жүргізілген машиналар кезекті бұрылысты жасаған кезде образды түрде мәнерлеп сырғанауды көрсетіп жүрген дара-спортышыны еске салады. Аса зор көлемдегі машиналардың асқан шеберлілікпен бұрылыстарға кіруі және онда қойылған шектеуші бағандарға соқтықпай зергерлік нақтылықпен тартылған бақылау ленталарына келіп тоқтауы өте керемет болды. Әсіресе «БелАЗ – 76470 (УПМ) автомашинасының жүргізушілеріне арналған тапсырма көрермендер қызығушылығын арттырды. Оларға мергендік нақтылықпен су зеңбірегінен атылған суды арнайы белгіленген нысанаға бағыттау тапсырылды. Тапсырманың ерекше қиындығын есепке ала отырып, әр конкурсқа қатысушыға үш рет талпыну берілді.

Бір сөзбен айтқанда, финал көріністі болды, әр номинант тәжірибеде конкурстың қорытындысына байланысты емес өз ісінің шебері екендігін дәлелдеді. Ал конкурс кәсіби өсу мен жетілуге ұмтылудағы, жаңа белеске көтерілудегі қосымша уәж болып табылады.

Құрметтің негізіндегі жүлделі орындар екі турдың қорытындысы бойынша бөлінді. «БелАЗ – 75131» маркалы карьерлік самосвал жүргізушілерінің номинациясында: 1- орынға Раиф Тукаев ие болды, 2-орын - Виталий Кобыльченко, 3-орын - Айдар Қапезов. «САТ – 777 D» маркалы карьерлік самосвал жүргізушілерінің номинациясында: 1-орынды Қайрат Теміржанов жеңіп алды, 2 - орын Виктор Мальцев, 3-орын Болат Әлжанов. «БелАЗ – 76470 (УПМ)» әмбебап суаратын машина жүргізушілерінің номинациясында: 1-орынға Диас Мейірбекұлы ие болды, 2-орын Серік Тұрсынбаевқа бұйырды, 3-орынды Сүйінішқали Абилов қанжығасына байлады. «Кәсіби бойынша ең үздік» конкурсына қатысқан барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер өздеріне лайық сыйлықтарын алды: кубоктар, «Кәсібіне адалдығы үшін» медалдар, Құрмет грамоталары, сыйлықтар мен ақшалай жүлделер.

Конкурсқа қатысқан басқа да қатысушылар назардан тыс қалмай, ақшалай жүлделер, ынталандыру сыйлықтары берілді.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

Барлық жарияланымдар