Баспасөз / Жарияланымдар

«Богатырь Көмір» – балаларға

16.08.2016

 

Бақытты балалық шақтың аумағы…

«Богатырь Көмір» ЖШС «Қарлығаш» балалар сауықтыру орталығының 65 жылдығына арналған мерекелік концерт осылай аталды.

Өткен жұмада мерейтойды тойладық.

Бұл айтарлықтай оқиғаны мерекелеуге басшылық, ұжым және балалар өте жауапкершілікпен кірісті: үлкен, қарқынды және қызықты жоспар құрылды...

Мереке таңертеннен басталды. Балалар сауықтыру орталығының ғимаратын коллажбен тақырыпқа сай безендірді. Композицияның негізін «Қарлығаштың» өмірі мен жұмысына байланысты материалдар құрады....

Алдымен лагерде «Жас өрт сөндіруші-құтқарушы» атты көрнекі сабақ көрсетілді. Балалар «Искорки» және «Спички» деп аталатын екі командаға бөлінді. Айтпақшы, жарыс кезінде балалар өрт сөндіру және су-құтқарушы кәсіби құрал-жарақтарды пайдаланды! Бұның бәрі оқытуды өткізу үшін жауапты болған азаматтық қорғаныс майоры О.Түсіповтің, Павлодар облысы бойынша ҚОБ №5 ӨҚ бас құтқарушысы С.Жанқұлов және ПЧ-28 қызметкері Б.Жұмабековтің арқасында іске асырылды.

Балалар екі сынақпен жарысқа түсті: жалпыкомандалық және жеке. Конкурстың қорытындысы бойынша «Спички» командасы жеңімпаз атанды. Жеке біріншілікте үздіктердің үздігі болып бірінші отрядтан Артем Артемов шықты. Жарыстың соңында қатысушылар «Жас өрт сөндіруші» атаулы естелік төсбелгілермен марапатталды және барлығына судағы қауіпсіздік шаралары туралы жаднамалар берілді.

Сосын үлкен футбол алаңында балалар отрядтары салтанатты линейка өткізу үшін сапқа тұрды. Балаларды құттықтауға құрметті қонақтар келді: «Богатырь Көмір» ЖШС-нің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрула Тұратаев және Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары Ерғалым Қайырденов. Линейка еліміздің Әнұранын орындаумен басталды. Үлкендердің құттықтау сөздерінен кейін басшылық пен жазғы лагердің үздік қызметкерлері құттықтау хаттармен атап өтілді.  Өз әріптестері мен тәрбиеленушілерді, «Қарлығашты» жылы ниетпен сауықтыру орталығының директоры М.Маманов құттықтады.  

Мереке аясында «Қарлығашқа» арналған суреттер мен тақпақтар байқауы өткізілді.

Мерекелік концертке келген қонақтар көп болды. Балалар өздерінің мұғалімдерімен жақсы шығармашылық нөмірлер көрсетті. Қойылымдардың барлығы да сүйікті лагерге арналды. Кеш достық ниетте және жайлы атмосферада өтті.

Ал тортсыз қандай туған күн болуы мүмкін? «Қарлығаштың» асханасында тәттілермен балаларға мерекелік кешкі ас ұйымдастырылды...

Дәмді астан кейін балалар стадионға бет алды. Түнгі аспанды мерекелік отшашу нұрландырды. Мерекені ұйымдастырушылар көп те емес аз да емес мерейтой иесі лагердің толып жатқан жасына лайық 65 дүркін отшашу атты. Балалар шаттыққа бөленді!

«Қарлығаштың» 65 жылдығын мерекелеудің соңғы аккорды – би кеші болды. Ди-джей балаларға арнап ойындар мен конкурстар өткізді. Балалардың барлығы мерекелік көңіл-күйде болды. Барлығыда бұл жарқын күннен қайталанбас әсер алды....

Естеріңізге салайық, «Қарлығаш» балалар сауықтыру лагері Баянауылдағы Жасыбай көлінің жағасында орналасқан. Жазғы лагердің тарихы бай және тамаша. Ол 1951 жылы құрылған. Жұмыс атқарған жылдары бұл жерде ізгі дәстүрлердің бүтіндей жүйесі қалыптастырылған, ал «Қарлығаштың» өзі балалардың демалысы үшін ең сүйікті орын болып табылады.....

Д.САГНАЕВ.

Суретте: жақсы көңіл көтердік!

Суретті түсірген: Олег МАЛЬЧУК. 

Барлық жарияланымдар