Баспасөз / Жарияланымдар

Жалпыұлттық акциясы.

16.06.2016

«Қайғы бәрімізге ортақ»

 

5 маусымда Ақтөбе қаласында болған лаңкестіктен зардап шеккен отбасыларына көмек ретінде жалпыұлттық акцияға қатысуға алғашқылардың бірі болып «Богатырь Көмір» ЖШС-нің еңбек ұжымы үн қатты. Өткен жұмада серіктестіктің жұмыскерлері сол жан түршігерлік қылмыстың құрбандарына қан тапсыру үшін қалалық қан орталығына келді.

Бөтен адамның, тіпті ол саған таныс болмаса да өмірін құтқару дегеніміз нағыз тұлғаға тән әрекет және барлық кезеңде де шын құрметке лайық әрекет. Әсіресе еліміздің басына

қиын күндер түскен кезде, азаматтардың тыныштығы мен бейбіт өмірлеріне қауіп төндірілген кезде бұндай әрекеттер ерекше маңызға ие болады. Елімізбен қатар богатырлықтар да терактан зардап шеккендерге ізгілік пен қайырымдылық білдірді. Серіктестіктің жұмысшылары лаңкестіктен зардап шеккен отбасыларының қайғысына ортақтасудан сырт қалмады және ақшалай қаражат жинау бойынша жалпыхалықтық акцияға белсене қатысты.

Осының қарсаңында серіктестіктің атқарушы директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Рғайбек кәсіпорынның еңбек ұжымына былай деп үндеу салды:

- Ақтөбеде өткен оқиға бәріміздің қатарымызды нығайта түсті. Елбасы бізге үндеу салғандай, кез-келген арандатуға шешімді түрде тойтарыс беруге және біздің басты құндылығымыз – бірлік пен келісімді бағалап, сақтауға бәріміз де міндеттіміз. Бүгінгі күні біздің азаматтық міндетіміз терактан зардап шеккендерге көмек беру. Бірігіп біз кез-келген қиыншылық пен қайғыны жеңетінімізге сенімдімін.

Ал богатырлықтар 5 маусымдағы терактан зардап шеккендерді қолдау бойынша акцияға қатысу туралы өз шешімдерін төмендегідей түсіндіреді.

Бахытжан Есембаев, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің ресурстарды қорғау жөніндегі директоры:

- Біз, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жұмыскерлері барлық қазақстандықтармен ынтымақтаспыз және терактан зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Бірлесіп күш салумен елімізде тұрақтылық пен тәртіпті сақтайтынымызға сенімдімін.

Гарифолла Мейрамов, тәртіп және күзет бөлімінің аға инспекторы:

- Аталмыш акцияға қатыса отырып, біз терактан зардап шеккендерге қолдан келер көмегімізді бергіміз келеді. Бұндай акцияларға қатысу біздің азаматтық міндетіміз, еліміздің тағдырына жауапкершілік көрсету деп санаймын. Адамдарды еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға, әр түрлі арандатуларға қарсылық көрсетуге шақырамын.

Инна Корнеева, құқықтық басқарманың аға инженері:

- Біз біртұтас көпұлтты Қазақстанда бір үлкен отбасындай өмір сүрудеміз. Сондықтан адамдар қайғыға ұшыраған, қиын сәттерде оларға қандай да бір көмегімізді бергіміз келеді. Әрине Ақтөбеде болған оқиға сұмдық, біреу сыртымыздан ортақ үйіміздің бейбітшілігі мен тыныштығына қауіп төндіргісі келеді. Бұндай сәттерде бейбіт өмір сүріп, еліміздің игілігі үшін еңбек ететін өз жақындарымыз бен туғандарымыз үшін, жалпы халық үшін уайымдаймыз.

Қанат АЛДАБАЕВ

Олег МАЛЬЧУКТІҢ суреті.

Барлық жарияланымдар