Баспасөз / Жарияланымдар

«Жеңіс» әлеуметтік – қайырымдылық жобасы

06.05.2016

 

Үлкен ризашылықпен және тағзым етумен

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің еңбек ұжымы үшін бұрыннан келе жатқан жақсы дәстүр – ардагерлерге қамқорлық жасау және көңіл бөлу, күнделікті өмірде оларға қолдан келер көмек көрсету. Бүгін, яғни Ұлы Жеңіс Күні - халықаралық мерекенің қарсаңында «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының тобы ынталандырған «Жеңіс» әлеуметтік – қайырымдылық қорының аясында «Богатырь Көмір» ЖШС Қоғамдық қорының өкілдері ардагер-кеншілерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлері: Галимзян Салимзянович Хусаиновқа, Александр Федорович Щетчиковқа, Алексей Демьянович Перелякинге, Василий Константинович Бутқа қонаққа барды.

Әр ардагердің үйіне богатырліктер мерекелік сәлемдемелермен, азық-түлік жиынтықтарымен келді және ақшалай көмек көрсетті.

Сондай-ақ қантөгіс шайқастар мен күрестер арқылы көптен күткен жеңіске қол жеткізгендері үшін оларға ризашылықтарын білдіріп, дендеріне саулық айтып, ізгі тілектерін білдірді:

- Күллі халықтың атынан сіздерге үлкен алғыс білдіреміз және тағзым етеміз! Бейбітшілік өмір үшін. Өмір сүруге, шаттануға, балаларымыз бен немерелерімізді өсіруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін. Біз сіздердің алдарыңызда өмір бойы қарыздармыз және сіздердің Ұлы ерліктеріңіз бен батырлықтарыңызды ешқашан ұмытпаймыз. Ұзақ және бақытты өмір сүріңіздер, әрқашанда осындай рухы қуатты адамдар боп, сөнбес жарқын жүзділік пен оптимизмнің үлігісі болып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, жақын-туыстарыңызға амандық тілейміз!

   Көрсетілген ілтипат пен қамқорлыққа көңілдері босаған ардагерлер өз кезектерінде қонақтарға алғыстарын білдірді және «Богатыр Көмір» ЖШС басшылары мен барлық кеншілеріне үнемі қамқорлық көрсеткендері және шынайы қатынастары үшін өздерінің жүрекжарды ризашылықтарын білдірді. 

- Біздей ардагерлерді ұмытпағандарыңыз үшін сіздерге рахмет. Осының өзі бізге тамаша күш береді. Мерекелеріңізбен, Жеңіс Күнімен! – деді соғыс батыры Александр Федорович Щетчиков қонақтарды шығарып саларда.

Қанат АЛДАБАЕВ

Олег МАЛЬЧУКТІҢ суреті.

Барлық жарияланымдар