Баспасөз / Жарияланымдар

Отанымыз бір болғандықтан....

06.05.2016

Отанымыз бір болғандықтан....

«Самұрық – Қазына» АҚ компанияларының тобы ынталандырған «Жеңіс» әлеуметтік – қайырымдылық жобасының аясында біз бүгінгі әңгімемізді ардагер-кеңшілерге, ерліктері мен батылдықтарының арқасында ең қорқынышты соғыста жеңіске жеткен адамдарға, Ұлты Отан соғысына қатысушыларға арнаймыз.

Орынбор облысында туып-өскен Галимзян Салимзянович Хусаинов әскерге 1944 жылдың наурыз айында шақыртылды, жаяу әскерге түсті. Екі айдан соң атқыш – жаяу әскер Хусаинов 361-Тоцкий зеңбірекшілер полкіне жіберілді. Бірінші Прибалтикалықсоғыстың құрамында еліміздің солтүстік батыс шебінде жаумен шайқасты. Ардагер өткен сонау ерлік көрсеткен күндерін былай еске алады:

- Батальон командирлері жаяу әскермен алдында жүрді, олардың арттарынан зеңбірекшілер ілесті. Біздің 9 биргадада қарудың барлық түрлері болды, оның ішінде америкада жасалғандар да (одақтастың әскери-техникалық көмегі). Ату позицияларына тұра бастадық, шайқас.... зеңбіректердің гүрілі, атыс, жер дірілдейді....Екі сағаттан соң шайқас басылды, ату позициялары аяқталды, минометтерді машинаға тиедік те, алға жылжыдық. Немістер қашып барады, босатылған аумаққа ие болудамыз. Бір-екі күн дамылдаған соң қайта «Қару-жарақпен шайқасқа!» атты бұйрықпен қайта ұрысқа аттандық.

Жеңісті солдат Хусаинов Литвада қарсы алды. Бас Командирлік істің резервінде тұрған 28-зеңбірекшілер дивизиясының құрамында әскерлік қызметті жалғастырды. Соғыстың ең ақырғы күні қалыптасқан дивизия неміс басқыншыларымен соғысудың ең күрделі учаскесіне жіберілді. Соғыстан соң Галимзян Салимзянович Псков облысында, артынан Ленинградта қызмет етті. Эстонияда аға медициналық старшина атағымен саннұсқаушылар курсын аяқтады. 1950 жылы әскерден оралды.

Батырдың әскерлік қызметін Отаны 2-дәрежелі Отан соғысының орденімен, «Ерлігі үшін», «Германиядағы жеңіс үшін» медальдарымен және басқа да марапаттармен атап өтті. Соғыстан кейінгі жылдары Галимзян Салимзянович Челябинск облысында көмір кенішінде экскаватор машинисінің көмекшісі болып еңбек атқарды. 70 жылдары отбасымен Екібастұз қаласына көшіп келді. «Богатырь» кенішінде участок механигі, тау-кен мастері болып жұмыс істеді. Тіпті зейнеткерлік демалысқа шықан соң да еңбек етуін жалғастырды. Көптеген еңбек марапаттарына ие.

Смоленскідегі қарапайым шаруа отбасынан шыққан Алексей Демьянович Перелякин соғысқа 42 жылы шақыртылды. Иркутск облысында 582-оқу бөлімінде минометшілерді әскери дайындаудың үш айлық курсынан өткен соң басқа да жаңа шақыртылғандармен бірге Аргунь өзенінің бойына қорғаныс бекітпені тұрғызуға жіберілді.

43 жылдың басында онда орналасқан әскери құрылымдардан атқыштар полкі қалыптастырылды.

Бірақ өздері жобалағандай алдыңғы қатардағылардың орнына олар құрылыс орманын әзірлеуге жіберілді, бұл алдыңғы кеңестік шептердегі қорғаныс бекітпелерді жарақтандыру үшін өте қажет болды.

44 жылдың сәуірінде бөлімше резервтік полк құрамына ауыстырылды.

45 жеңіс жылы ерекше құпиялық жағдайда кеңес-қытай шекарасына жіберілді. Бұл онда 293-атқыштар дивизиясының 1036-полк құрамында қызметін өтеді. Алда Жапондықтармен соғысу тұрды. Полк Читадан Даурия арқылы Үлкен Хинганнан өтудің қиындығын жеңе отырып Маньчжурияға бет алды. Сосын жапон әскерінің бөлімдерімен қиын шайқастар басталды,

- Әлі есімде төңіректі сүзіп қарап жүргенде жапондықтардың тосқауылына тап болдық – деп Алексей Демьянович әскери өмірбаянының эпизодтарын еске алады. – Тосқауылды жою үшін автоматшылардың ротасы жеткілікті болды. Бұралаң тау жолымен түсіп келе жатқанда шатқалдағы оқ-дәрілер мен азық-түлік сақталған жау қоймасын таптық. Сосын төңірегінде жапондықтар екі күшейтілген дзоттармен отырған Хайлан қаласының жағына бағытымызды жалғастырдық. Анықтағандай адымдап өткен кеңес әскерлері тығылып отырған жауды бірден байқай алмапты, соны пайдаланған жау жағы ұрланып келіп, тәртіпті қолдау үшін қалдырылған біздің шағын бөлімшемізді жауыздықпен құрта берген. Дұшпандардың көзін құрту бізге берілді. Бұл кезде берілудің ақырғы күндері жапон әскерлерінің бір-біріне деген жолдастыққа жатпайтын әрекеттері бізді қатты таңғалдырды. Қарсыластықты тоқтату туралы ақ жалауды бірінші дзотта отырғандар лақтырса, қорғасын оқты екінші дзоттың жауынгерлері оларға жаудырды, ал керісінше қаруды тапсыру ақырғылардың қызметтестерінің қаһарлы ашуын туғызды. Осылай жапондықтар салғыласа келе берілуді жөн көрді.

Ал 45 жылдың қыркүйегінде көптен күткен бейбітшілік орнады. Жапондықтар берілу туралы пактіге қол қойды. Осылай Екінші әлемдік соғыста аяқталды. Алексей Демьянович және оның жолдастары халық шаруашылық объектілерін қалпына келтіруге жіберілді. Бірақ оның ескі жаралары сыр беріп, ол госпитальге түсті. Жарты жылдан кейін 46 жылдың тамызында Алексей Демьянович әскери қызметке жарамсыз деп танылып, туған өңірі Новосибирск облысына оралды, сосын Алтайға, ал 1966 жылы Екібастұз қаласына көшіп келді. «Иртышуголь» тресінің көмір кенішіне экскаватор машинисінің көмекшісі болып орналасты, бұл мамандықта 78-жылға дейін құрметті демалысқа шыққанша жұмыс атқарды. Соғыс жылдарындағы адал еңбегі үшін Алексей Демьянович Перелякин 2-дәрежелі Отан соғысының орденімен, «Жапониядағы жеңіс үшін» медалімен, «Ұлы Отан соғысына қатысушы» төсбелгісімен, көптеген мерейтойлық медальдармен наградталды. Ардагердің «Соцжарыстардың жеңімпазы», «Көмір өнеркәсібінің мастер-механизаторы» еңбек айбынының төсбелгілері де бар.

Василий Константинович Буттың тағдырына барлығы жарты жылдық бейбіт қызмет ету жазылыпты. Әскери сынақтан аты аңызға айналған Брест қамалының қорғанысына қатыса отырып, алғашқылардың бірі болып өтті.

Василий Константинович әскерге Ұлы Отан соғысының қарсаңында Успенка ауылынан шақыртылды. Қызы Лидия Васильевна Бакинаның сөзі бойынша соғыстағы алғашқы қорқынышты күндерін ол есіне алғысы келмейді. Сол жылдары барлық бастан өткізгендерін Василий Константинович көптеген өлеңдері арқылы жеткізді. Жексұрын агрессордың опасыз шабуылынан олардың шекаралық отрядынан екі адам ғана тірі қалды. Қоршаудан шыққанда олар жолда бөлек әскер жарақтары мен қашып бара жатқан бөлімдерге қосылды, күні-түні қоршауды бұзуға әрекет жасады. Қиян-кескі соғыста Василий Константинович жарақат алып госпитальге түсті, сосын тағы соғысқа аттанды. Барлаушы ротада қызмет етті. Әскердің 4-дивизиясының 115-полкінің құрамында соғысты. Кезекті ауыр жараланудан кейін жарамсыз деп танылды. Туған ауылына қайта оралып, мектепте мұғалім болып жұмыс атқарды, артынан мектеп директоры, агроном, зейнетке шығар алдында Жасыбайда балалар лагерінің басшысы болып жұмыс жасады.

Соғыста көрсеткен ерлігі мен ұқсассыз батылдығы үшін 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл жұлдыз орденімен, «Германиядағы жеңіс үшін» медалімен, көптеген мерейтойлық марапаттармен наградталды.

Ардагер Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске келесі жолдарды арнады:

Бар күшімізбен беріліп,

Отан үшін шайқастық.

Отанымыз бір болған соң

Жанымызды біз қидық

1944 жылдың желтоқсан айында 17 жастағы бозбала Петр Васильевич Коваль соғысқа аттанды. Бірақ алдымен әскери дайындықты Уралда өтті.

Сосын 1-Қиыршығыс әскерінің 930-құрамында Қиыр Шығысқа жіберілді, онда ол милитаристік Жапонияға қарсы соғысқа қатысты. Жапониямен жеңісті солтүстік Маньчжурияда қарсы алды. Жапонияға қарсы соғыс әрекеттері бір ай ғана жалғасса да жас солдат соғыстың барлық қиыншылығын көрді. 1946 жылы запасқа шығарылды. Ерлігі мен батырлығы үшін Петр Васильевич Коваль 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жапониядағы жеңіс үшін» медалімен марапатталды. Әскерден кейінгі жылдары ардагер отыз жылдан аса көмір өнеркәсібінде еңбек етті, әртүрлі өндірістік учаскелерді жұмыс атқарды: поездарды құрастырушы, соссын электровоз машинисі.

Қанат АЛДАБАЕВ

Ардагерлердің жеке мұрағатынан алынған сурет.

Барлық жарияланымдар