Stable Evolution

Міндеттерді орындау

20.01.2019

«Богатырь Көмір» бірлескен қазақстан-ресей көмір шығарушы компаниясы әлеуметтік бағытталған кәсіпорын болып табылады. Оның ең басты бағыттарының бірі - кеншілер ұжымының әлеуметтік жағдайлары мен кепілдіктерін жақсарту. Былтырғы жылдағы компанияның әлеуметтік саласының қорытындысы туралы «Богатырь Көмір» ЖШС әлеуметтік даму басқармасының бастығы Владимир Тюлин айтып берді.   

 

- Владимир Александрович, «Богатырь Көмір» кәсіпорны әлеуметтік саланың қандай жобаларын іске асырды? Оларды жүзеге асыру үшін 2018 жылы қанша қаражат жұмсалды?  

- Біздің компания жыл сайын кәсіпорын қызметкерлері мен Екібастұз қаласы және Павлодар облысы тұрғындарына әлеуметтік және қаржылық көмек көрсету үшін көптеген қаражат бөледі. Былтырғы жылы ұжымдық шартпен серіктестік қызметкерлеріне қарастырылған әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асыру үшін 700 млн.теңгеден аса қаражат жұмсалды. Жиырмадан аса шығын бабының ішіндегі ең ауқымдысы еңбек міндеттерін орындаған кезде жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен және «Богатырь Көмір» қоғамдық қоры арқылы төленетін әлеуметтік кепілдіктерді берумен байланысты болды. Кәсіпорын шипажайлық-курорттық емделу жолдамаларының өтемақысы мен «Халық денсаулығы» медициналық қоры арқылы компания қызметкерлерін емдеу құнының өтемақысына қомақы қаражат жібереді. Сонымен қатар, оқуға, тұрғын-үй сатып алуға және тұрғын-үй жағдайларын жақсартуға арналған несиелер әлеуметтік кепілдіктерді орындауға байланысты шығынның негізгі бөлігін құрайды.

«Богатырь Көмір» компаниясы жыл сайын қаржылық көмек көрсетумен айналысады. Өткен жылдың қаңтарынан бастап желтоқсанына дейін бұл мақсаттарға 240 млн.теңгеден аса қаражат бөлінді. Қаражат Екібастұз әкімдігімен бірге әлеуметтік серіктестік туралы келісім аясындағы іс-шараларға жіберілді, қайырымдылық қолдауды келесі қалалық коммерциялық емес ұйымдар мен білім беру мекемелері алды: қамқорлыққа алынған №6 мектеп лицейі, «Экибастуз» балалар қоры, «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігі және басқалар. Діни конфессиялар мен «Экибастуз» футбол клубы да компанияның қаржылық назарынан тыс қалмады. Біз бұрынғы жылдардағыдай еңбек ардагерлері мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, өндірісте зардап шеккен адамдар мен олардың отбасыларына қайырымдылық көмек көрсеттік.

Кейбір іс-шаралар «Богатырь Көмір» компаниясы «Нұр Отан» бастауыш партиялық ұйымы мүшелерінің қатысуымен өткізілді.

 

- «Богатырь Көмір» компаниясы қандай жаңа әлеуметтік жобаларды іске асырды?

- 2018 жылы әлеуметтік даму басқармасының желісі бойынша «Богатырь Көмір» жұмыскерлері үшін елуден аса іс-шара өткізілді. Наурыз мейрамы мен кеншілердің басты мерекесі – Шахтер күні жаңа форматта өтті, мереке қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен болған тамаша концертпен аяқталды.

Кәсіпорында еңбекті қорғау Күні, еңбек Күні, халықаралық әйелдер күні, 9 мамыр және басқа да көптеген дәстүрлі мерекелермен қатар жаңа іс-шаралар да өткізілді. Оның көптеген бөлігі «Богатырь Көмір» жастар қоғзалысының белсенділерінің қолдауымен өтті. Оның бірі – «Самұрық-Энерго» энергохолдингінің портфельді компаниясының 100-ге жуық жас маманының қатысуымен «Жасыбай» демалыс аймағындағы үш күндік тимбилдинг.

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде бұқаралық спортты дәріптеу мен дамыту үшін дене тәрбиесінің бес минуттығы, мыңнан аса адам қатысқан әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қолдауға арналған жалпы қалалық марафон мен киберспорт бойынша жарыстар ұйымдастырылды.   

Сондай-ақ біздің компанияның қолдауымен Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға байланысты іс-шаралар – ақын, әнші, композитор Естай Беркімбаевтың 150 жылдығын мерекелеу, қоғамдық, мемлекеттік қайраткер және қазақтың дәстүрлі мәдениетін зерттеуші Мұса Шормановтың 200 жылдығын тойлау өткізілді. Кәсіпорында мемлекеттік тілді дамыту бойынша топтың ұйымдастырумен тілдер мерекесіне арналған әртүрлі тілде поэтикалық конкурс өткізілді.

Кеншілер автомобильшілер күніне ерекше дайындалды. «Богатырь Көмір» автобазасы өкілдерінің қатысуымен «Автоледи» қалалық конкурсы ұйымдастырылды, оған біздің компанияның жұмыскерлері қатысты.

Серіктестік Қазақстандық зағиптар қоғамының екібастұздық филиалында есепте тұрған нашар көретін адамдарды қамқорлығына алды.

Қазан айында алғашқы рет республикалық қоғамдық келісім өкілдері мен басшылық өздерінің «богатырлық» әріптестеріне барды. Бұл сапар да әлеуметтік даму басқармасының қолдауымен өткізілді. Қонақтар көмір шығарудың технологиялық үдерісін көру үшін «Богатырь» кенішінің көру алаңына барды. Көмір шығарушы кәсіпорынның көру алаңы жеті қалалық көрнекі жердің қатарына енгенін айта кеткен жөн. Гинесстің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең үлкен көмір кенішін көруге ниет білдірген тұрғындар мен Екібастұз қонақтары үшін ол әрдайым ашық.

 

- Биылғы жылдың жоспары қандай?

- Биылғы жылда жастар жылына арналған көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланды. Әсіресе, коворкинг-орталық пен музыкалық топ ашуды жоспарлап отырмыз.

 

-Сұхбатыңызға рахмет!

 

Сұхбат жүргізген Марина ПОНКРАТОВА 

Суретке түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

To the list of evolution articles