Stable Evolution

МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУДА

10.12.2018

Көмір өндіруші «Богатырь Көмір» компаниясының экологтары өз жұмысын қортындылады. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі техникалық директордың орынбасары Наталья Шулаева өткен жылды қандай нәтижемен аяқтағаны туралы баяндап берді. 

- Наталья Анатольевна, 2018 жылы "Богатырь Көмір" компаниясы табиғатты қорғау қызметіне қанша қаржы жұмсалды? Негізгі қаражат қоры қайда бағытталды?

 - Жыл сайын біздің компания міндеттерді қабылдай отыра, қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті қаражат бөлінеді. 2017-2018 жж. аралығында қоршаған ортаны қорғау бойынша 2,808 - 2,852 млрд. теңге  көлемінде қаражат бағытталды, бұл қаражат жоспарланған қаражаттан 2,3 есе артық болып келеді. 2018 жыл нәтижесі бойынша қоршаған ортаны эмиссияның жалпы қысқартуы 30 млн. артады.  

 

Негізгі қаражат – 2,6 млрд. теңге «Северный» және «Богатырь» кеніштерінің   аршыма тау жыныстарын қалаумен байланысты жұмсалды. Аршыма тау жыныстары сыртқы үйінділерге орналастыруды 30 млн. тоннаға қысқартты.

  - Кәсіпорында экологиялық саясатын жүзеге асыру бойынша қандай шаралар өткізілді ?

 - Қоршаған ортаның және жұмыс орындарының сапасын сақтау шаралары болып кеніштегі автожолдарда, кенжарларда көмірді өндіруде шаңды басу. Бұрғылау станогының аспирация жүйесінің жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуі скважинадан алынған бұрғылау өнімінің шамамен 90 % ұстап қалу тиімділігін сақтауға мүмкіндік берді. Аталмыш шараларға жұмсалған қаражат шамамен 89 млн. теңгені құрайды. Атқарылған жұмыстар арқасында 2018 жылы шаңтүзілуін 40 тоннаға дейін төмендету мүмкін болды.

Өткен жылдардағыдай кәсіпорын үйінділердің тотығу- тотықсыздану үдерісінің мониторингісін жүргізді.

Кірістірілген аумақтағы сыртқы үйінділердің әсерін зерттеу мақсатында  бақылау скважиналар жүйесінің көмегімен жер асты суларының сапасы үнемі бақылауда.

Сонымен қатар кәсіпорында шығарылған көмір мен ұсақталған тастардың сапасын нормативті талаптарға сәйкестігі бойынша және табиғи радионуклейттердің белсендігі мен радиобелсенді қаупінің класы бойынша үнемі бақылауда ұстайды.

 Биылғы жылы «Богатырь Көмір» компаниясы энергия үнемдеу мен қалдықтарды қайта пайдалану бөлігі бойынша  «жасыл» экономиканы қолдауын жалғастырды, яғни қалдықтарды қайта өңдеу, жою, қауіпсіз жою және пайдалы қолдануды жүзеге асырушы бөгде ұйымдар мен кәсіпорындарға жібереді.

 Қайта өңдеуге шикізат ретінде макулатура жинау жүргізілді. Кәсіпорында жиналған басқа өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыру мақсатында  қалдық полигон иелерімен шартқа отырып,  8,086 млн. теңге сомасы мөлшерінде төлемдер жүргізілді.

Энергия  үнемдеу  яғни  жылу, электр энергиясы мен сумен қамтамасыз етуді тиімді пайдалану бойынша жыл сайынғы   жоспарды құрастыру мен жүзеге асыру арқасында 2017 жылы компания 500 млн. теңге үнемдеді. Биылғы жылы да 1600 жарық нүктесін LED шамдарына ауыстыру бойынша  энергиясервистік шарттқа отыру жұмысы жалғасуда. Аталмыш жоба электр энергиясы шығындарын төмендетуде орасан зор.

 -          «Богатырь Көмір» компаниясының табиғатты қорғау шараларының дәстүрлі, ажырамас бір бөлігі – компания қызметкерлерінің қатысуымен өндірістік аумақты көгалдандыру болып табылатынын білеміз, осы бағытта биылғы жыл қандай жұмыстар атқарылды?

 - Биылғы жылы ландшафты безендіру мен жас желектерді отырғызу мен күтіміне 3,3 млн. теңге шамасында қаржы жұмсалды. Ағаштарды санитарлық мақсатта кесу, 408 қарағаштың көшеттері, 41 шырша мен 37 мыңнан астам гүл отырғызылды. Шығын 2,139 млн. теңге құрайды.

 - Сіздің тараптарыңыздан көп жұмыс атқарылуда. Экология саясатын жүзеге асыруда  кәсіпорын осындай жоғары көрсеткішке қалай жетуде?

 - Атқарылған барлық іс - шаралар жоғары нәтиже беру үшін компания экологиялық саясат пен мақсаттарды жүзеге асыру бойынша менеджмент жүйесін енгізіп, қолдануда. Экологиялық менеджмент жүйесі ISO 14001 стандартының талаптарын қолдайды және жүзеге асырады. Қызметтік құрамды экологиялық оқыту мен сертификатталған аудит және басқаларға компания 1,219 млр. теңге бөлді.

 - Біздің кәсіпорында жақында төрт жүйелі ISO 9001:2015 стандарты бойынша «Сапа менеджментінің жүйесі», «Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен денсаулық менеджмент жүйесі» OHSAS 18001:2008 стандарты бойынша, «Энергия менеджмент жүйесі»  ISO 50001:2011 стандартының талаптары бойынша, «Экологиялық менеджмент жүйесі»  ISO 14001:2015 жұмыс жасауда.

Барлық менеджмент жүйесінің жұмыс жасау тиімділігін арттыру мақсатында компания басшылығы барлық төрт жүйені біріктіру туралы шешім қабылдады (МБЖ). Біріктірілген менеджмен саясаты осы жылдың ақпан айында іске енгізілді. 2018 жылдың қыркүйегінде «TUVRheinland Precisely Right» ЖШС мамандарымен МБЖ сертификатталған аудит өткізілді.

 МБЖ қолдану арқылы компанияда жеке менеджмент жүйесін пайдаланған кездегі функцияналды бытыраңқылықты алдын алып, компания қызметін жақсартуда қызметкерлерді барынша кіріктіру бойынша, жоғары көрсеткішке жету күтілуде.

 Сұхбатыңызға рахмет!

 Сұхбаттасқан Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

 


To the list of evolution articles