Сатып алулар / Құжаттар үлгілері мен ақпараттар

Ендігәрі «Самұрық-Қазына» қор компаниясының көтере сатып алу туралы барлық ақпаратын www.skm.kz атты ресурстан ала аласыз

Еншілес және тәуелді компаниялардың көтере сатып алуын жетілдіру жөніндегі саясатты іске асыру аясында және айқындық пен әйгілікті арттыру мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ Қорында көтере сатып алу бойынша www.skm.kz жаңа тегін ақпараттық ресурсы қызмет атқарады.

Бұл ресурс онлайн режимде Қазақстан Темір Жолы, Қазмұнайгаз, Қазатомпром, Самұрық-Энерго және т.б. компаниялар тобы қор ұйымының көтере сатып алулары туралы ең маңызды және объективті ақпараттар жайғастырылатын бірыңғай ақпараттық алаң болып табылады.

 Сайттың «Сатып алу» модулінде өткізілген немесе өткелі тұрған сатып алу туралы хабарландырулар, тендерлік құжаттамалар, ашу хаттамалары мен қорытынды нәтижелері, сонымен қатар ашық тендер, баға ұсыныстарының сұранысы және т.б. секілді сатып алудың барлық тәсілдерлері бойынша Қор компаниясының сатып алу шараларына ілесетін өзге де ақпараттар жайғастырылған.

Ендігәрі жабдықтаушылардың алдында қор ұйымының 200-ден астам сайтын қарастыру қажеттілігі тумайды.

Көрсетілген сайттың «Жоспарлар» модулінде ғана жалпы соммасы 3 трлн.теңгеден көп 240-тан астам Қор компаниясының шоғырланған қажеттілігін және тауар, жұмыс пен қызметтердегі 375 000-дай ұстанымын көруге болады. Сондай-ақ, Қор компаниясының жылдық және ұзақ мерзімді жоспарларын жүктеп алу мүмкіндігі баршылық.

Тауар, жұмыс пен қызметтердің Бірыңғай номенклатуралық анықтама кітабының бірегей коды бойынша (БНА ТЖҚ) бірнеше секунд ішінде тауар, жұмыс пен қызметтердің қажетті ұстанымдары бойынша ақпарат алуға болады.

Қажет болған жағдайда пошта жәшігіне компанияның атауы, сатып алу орны мен мерзімі, бағасы көрсетілген өткізілген немесе жоспарға қойылған сатып алулар туралы дереу хабарландыру (адрестік тарату) келіп те түседі.

Порталда адал ниетті отандық тауар өндіруші жабдықтаушылардың тізілімдері, сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер және т.б. секілді Қор компаниясының сатып алу мәселелері бойынша басқа да көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар берілген.

Сізді порталға тіркеліп, пайдаланушы қатарына қосылуыңызға шақырамыз.

 

 

«Богатырь Көмір» ЖШС» әлеуетті жабдықтаушыларының назарына!  

«Богатырь Көмір» ЖШС «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ бірыңғай электрондық алаңында  товарлар мен жұмыстарды, қызметтерді электрондық жолмен сатып алу іске асырылуына байланысты барлық әлеуетті жабдықтаушылар Қазақстан Республикасының ұлттық орталығын куәлендіретін электрондық сандық қол қоюды алуы тиіс., сонымен бірге  «Самұрық-Қазына» ХҚҚ АҚ http: //tender.sk.kz. электронды сатып алу ақпараттық жүйесінің веб-порталында тіркелуден өтуі керек.

Веб-порталды пайдаланушыларды қолдау жұмыс күндері сағат 09-00-ден 19-00-ге дейін support@skc.kz  почтасы бойынша және 8(7172) 55 22 66 телефоны бойынша іске асырылады.

 

 

Минимальные требования к потенциальным участникам закупок:

СКАЧАТЬ...

Форма заявки на участие в тендере и для выдачи тендерной документации

СКАЧАТЬ...

Платежные реквизиты  ТОО «Богатырь Комир»

СКАЧАТЬ...

Список отвественных лиц, согласно Инструкции о порядке составления и представления отчетности по вопросам закупок, утвержденных решением Правления АО «Самрук-Казына»

СКАЧАТЬ...

СКАЧАТЬ...