2019-10-10, 19:31:01 «Богатырь Көмір» ЖШС бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша қара металдардың сынықтарымен қалдықтарын өткізу туралы хабарлайды

 «Богатырь Көмір» ЖШС бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша қара металдардың сынықтарымен қалдықтарын  өткізу туралы хабарлайды:  

№ 1 Лот 

өңделген металл сынығы – 200 тонна; 

№ 2 Лот 

рельс металл сынығы – 100 тонна; 

 3 Лот 

металл  жоңқасы – 60 тонна; 

 4 Лот 

- дөңгелек жұптарының дискілерімен құрсауларының металл сынығы –   91,737 тонна. 

Сатып алушының бағалық ұсынысында келесі мәліметтер болуы қажет:   

1. кәсіпорынның атауызаңды және нақты мекенжайы, БСН және банктік деректемелер, электронды поштаның мекенжайы (бар болса), Сатып алушының байланыс телефонының нөмірі;  

2. сатып алынатын металл сынығының санаты мен саны;  

3. әр лот бойынша металл сынығының бағасы;  

4. кәсіпорынның құқық белгілеуші құжаттары (көшірмелері):  

кәсіпорын жарғысы; 

кәсіпорын басшысын тағайындау туралы бұйрық;   

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтама;  

қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік;  

металл сынықтары мен қалдықтарын жинақтау (әзірлеу), сақтау, қайта өңдеу мен өткізудің хабарламасын қабылдау туралы лицензия немесе талон. 

5.кепілдік жарна төлемін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі.  

Құжаттары бар конвертті тапсырудың орны мен мерзімі:  

Конверт келесі мекенжайға жіберілуі қажет: Екібастұз қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 23, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі. 

Конвертті қабылдау мерзімі 16.10.2019 жсағ. 8:00-ден 12:00-ге дейін. 

Желімделген конверттің беттік жағында көрсетілуі қажет:  

әлеуетті Сатып алушының толық атауы және пошталық мекенжайы;  

- «Металл сынықтарын сатып алудың бағалық ұсынысы».  

Бағалық ұсыныстарды қарастыру: 

Бағалық ұсыныстар 2019 жылдың 16 қазанында сағат 14.00-де комиссиямен  Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 23-үй мекенжайы (конференц-зал) бойынша қарастырылатын болады.  

Әлеуетті Сатып алушы бір ғана бағалық ұсынысты беруге құқылы, өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді.  

Бағалық ұсыныстарды беру мерзімі өткеннен кейін берілген бағалық ұсыныстар қарастырылмайды.  

Лот бойынша неғұрлым тиімді бағалық ұсыныс берген әлеуетті Сатып алушымен «Богатырь Көмір» ЖШС шартының редакциясында қарастырылған жағдайларда шарт жасалатын болады. Лот бөлінбейтін болып табылады.  

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізуіне Сатып алушының қатысу шарттары:  

1. Әлеуетті Сатып алушы қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын Сатып алушыны таңдау бойынша комиссияға қатысудың өтінімін қамтамасыз ету үшін Сатушының банктік шотына кепілдік ақшалай жарнаны аударады:   

141209, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысыЕкібастұз қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 23  

СТН 451 600 022 999,  

БСН 970 340 000 843, 

ЖСК KZ756010361000002513 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ БСК HSBKKZKX 

100 АЕК көлеміндекелесіге кепілдік ретінде:  

- әлеуетті Сатып алушы жеңімпаз болып танылған жағдайда өзінің бағалық ұсынысын қайтарып алмайды немесе өзгертпейді;  

шарт жасалған жағдайда әлеуетті Сатып алушы шартта келісілген талаптарды уақытында орындайды.  

2. Қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын Сатып алушыны таңдау бойынша комиссияға қатысудың өтінімін қамтамасыз ету келесі жағдайларда Сатып алушыға қайтарылмайды:  

жеңімпаз болып танылған сатып алушы өзінің бағалық ұсынысын қайтарып алса;  

сатып алушы шарт жасасудан бас тартса;   

-сатып алушы шарт жасасқан соң шартта белгіленген талаптарды орындамаса немесе тиісті деңгейде орындамаса.  

Осы жағдайлардың біреуі туындаған кезде бағалық ұсынысты қамтамасыз ету сомасы Серіктестіктің табысына есептеледі.  

3. «Богатырь Көмір» ЖШС Сатып алушы өз міндеттерін толық және тиісті деңгейде орындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Сатып алушы салған шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.  

4. Әлеуетті Сатып алушы келесі құжаттардың пакетін тапсырады (ҚР Экологиялық Кодексінің 283-б, 1-т., 4-т., 288-б.1-т. сәйкес):  

шарттық қатынастар әрекет еткен кезеңде қоршаған ортаға эмиссияларға арналған рұқсаттың көшірмесін;  

шарттық қатынастар әрекет еткен кезеңде қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру және жою бойынша операцияларды орындаудың қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама жасаудың көшірмесін  (оның ішінде шекті-жол берілетін лақтырындылардың жобасы, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нормативтері) 

4.1. Кәдеге жаратуға құқығы бар үшінші тұлғаларға (мамандандырылған кәсіпорындарға) қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары берілген жағдайда:  

үшінші тұлғалармен (мамандандырылған кәсіпорындармен) шарттың көшірмесі;  

шарттық қатынастар әрекет еткен кезеңде үшінші тұлғаның қоршаған ортаға эмиссияларға арналған рұқсатының көшірмесін;  

шарттық қатынастар әрекет еткен кезеңде үшінші тұлғаның қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру және жою бойынша операцияларды орындаудың қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама жасаудың көшірмесін  (оның ішінде шекті-жол берілетін лақтырындылардың жобасы, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нормативтері) 

Сатып алушы қатысушы ретінде тіркелу үшін келесіні тапсыруы қажет:  

өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат (жеке басының куәлігі, сенімхат және т.б.). 

 «Богатырь Көмір» ЖШС-нің қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізудің шарттары: 

1«Богатыр Көмір» ЖШС жасалған шартқа сәйкес Сатып алушы 100% алдын-ала төлемді жүзеге асырған соң металл сынықтарын өткізеді. 

2. Сатып алушы міндетті: 

2.1. Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тауарды шығарудың кестесіне сәйкес белгіленген мерзімде металл сынықтарын толық көлемде қабылдауға және шығаруға.  

2.2. Металл сынықтарын тиеген және өлшеген кезде қатысуға.  

2.3. Өз күшімен және өз есебінен металл сынықтарын нақты тұрған жерінен тиеуге және шығаруға.  

2.4. Денсаулығы бойынша кәсіби жарамды, тәжірибесі, Ө және ӨҚ, Қ және ЕҚ бойынша тиісті біліктілігі бар адамдарды жұмысқа жалдауға, сондай-ақ, жұмыскерлердің жұмыстың тиісті түрлерін жүргізулерін растайтын аттестатаудың құжаттарын беруге.   

2.5.  Жұмыс жүргізілетін орында бақылауды жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық актілерінің, сондай-ақ мердігерлік ұйымға қатысты Сатушы кәсіпорнының ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауға:  

- "Азаматтық қорғаныс туралы заңды"; 

ҚР-ның Еңбек Кодексін;  

«Түсті металлургия және тау-кен қазу өнеркәсібінің объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерін;  

«Богатырь Көмір» ЖШК объектілеріне (аумағында) қызмет көрсету мен жұмыстарға тартылатын ұйымдардың еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өнекәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптары туралы ережесін; 

Мердігерлік ұйымдардың және Серіктестіктің автомобильді құралдарымен «Богатырь Көмір» ЖШС-нің (кеніштің) карьеріндегі автомобиль жолдарымен қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыру тәртібі туралы ережені;  

Ацетилин мен оттегіні, сұйық отынды, сұйытылған газды қолданумен өртке қауіпті жұмыстарды жүргізу бойынша технологиялық регламентті.  

2.6. Сатып алушының жұмыскерлерінің Серіктестікте (Сатушыда) кіріспе нұсқамалықтан өтулерін қамтамасыз ету.  

2.7. Серіктестіктің төңірегінде жүрген кезде учаскенің (цехтің) жауапты тұлғаларынан Қ және ЕҚ, Ө және ӨҚ бойынша бастапқы нұсқамалықтан өтуге.  

2.8. Жүк көтергіш механизмдермен қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін толық жауапкершілікті алуға:  

2.8.1. Жүк көтергіш кран үшін 

техникалық куәландыру мен тексеруден уақытында өтудің қорытындысы бар кранның техникалық жарамды күйін.  

2.8.2. Кран машинисті (краншы) үшін:  

кранның тиісті түрін басқару құқығына куәліктің болуы;  

деректер (жұмыс көлемі) жазылған рәсімделген жол парағының болуы.  

2.9. Сатып алушының жұмыскерлерінде болуы қажет:  

Матаушылар: 

біліктілік куәлігі; 

арнайы киімарнайы аяқ киім, ЖҚҚ (арнайы киімарнайы аяқ киім, каска, биялайлар/қолқаптаржеңдегі айрықша байлауыштар – қызыл, қорғаныш көзілдіріктер).  

Крандармен қауіпсіз жұмыс жүргізуге жауапты тұлға үшін:   

біліктілік куәлігінің болуы; 

жүктің сипаттамасы мен салмағы көрсетілген жұмысты жүргізу жобасының болуы (матау схемасы, тех. карта);  

арнайы киімарнайы аяқ киім, ЖҚҚ (арнайы киімарнайы аяқ киім, каска, биялайлар/қолқаптаржеңдегі айрықша байлауыштар – қызыл, қорғаныш көзілдіріктер). 

2.10.Жұмыс күндері сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Сатушының төңірегіне техниканың кіріп/шығуы мен жұмыскерлердің кіріп/шығуларын қамтамасыз ету.  

Қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады: 8 (7187) 22-34-17, 22-34-82.  

Сіз қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатып алу туралы шешім қабылдасаңыз «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Н.Н.Корсаковтың атына бағалық ұсынысыңызды жіберуіңізді сұраймыз.  

К списку предстоящих закупок