Депутаттық қызмет.Нақты іс-әрекет ете отырып
22.08.2016
Барлық деңгейдегі депутаттарды және «Нұр Отан» партиясының атынан халық депутаттарын сайлау өтті, олар өздерінің сайлау алды бағдарламаларын орындауға кірісті.
Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Рғайбектің сайлау алды бағдарламасындағы тармақтардың бірі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына көмек көрсету. Халық қалаулысы оны нақты істермен бекіте отырып, өз сөзінде тұрды. Өткен аптада депутат сайлаушыларды жеке қабылдады. Көп уақыттан бері 2-топтың мүгедегі Талғат Эрекеевтің үстел теннисімен айналысуға үй-жай болмағандықтан мәселесі шешілмей жүрген. Бұл мәселені шешу үшін ол депутат Рғайбекке келді де қателеспегенін білді. Мүгедек спортшыға ТКЖЖ зауытының спорт залында жаттығу мүмкіндігі берілді. Көрсетілген көмек пен қолдау спортшыны жігерлендіре түсті. Ол депутатқа алғысын білдіріп республикалық жарыстарға қатысу туралы мақсатын айтты. Қайрат Рғайбек өз кезегінде оған табыс және спорттық майданда жеңіс тіледі.
ЕИТИ түлегі Жаңабыл Бекадыл мамандығы бойынша жұмысқа орналасу үшін бірнеше ұйымның босағасын тоздырды. Еш нәтиже болмады. Жас маман өз проблемасымен депутатқа келді. Жас жігітпен сөйлесе келе және оның күрделі өмірлік жағдайын түсіне келе Қайрат Рғайбек оған тәжірибелік қолдау көрсетті. Бекадыл «Богатырь Көмір» ЖШС-на локомотивтерді жөндеу бойынша слесарь болып орналасты. Жас маманның алғашқы еңбек қызметіне жол көрсете отырып Қайрат Рғайбек алдағы уақытта бәрі өзінің мақсатқа талпынушылығына және еңбексүйгіштігіне байланысты екенін айтты.
Қайрат Рғайбек «Богатырь Көмір» ЖШС-нің қамқорлығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Екібастұз баспанасын да назардан тыс қалдырмайды. Өткен жұмада тәрбиеленушілерге қонаққа барып депутат балаларды тәтті сыйлықтармен және жұмсақ ойыншықтармен қуантты. Балалар достық және еркін жағдайда қонаққа көптеген сұрақтар қойды, өздерінің көкейтесті армандарын айтып, кездесудің соңында олар ән орындап берді.
Қанат АЛДАБАЕВ
Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.