«Богатырь Көмір» ЖШС сатып алу қызметі Tizilim тізілімінде (жүйесінде) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығымен бекітілген жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қағидаларына (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады, Серіктестік мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) ТЖҚ-ны сатып алу үдерісінің жариялылығы мен ашықтығы;

2) әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік;

3) қазақстандық ТЖҚ өндірушілерін қолдау.

4) тең құқықтылық, әділдік, әлеуетті жеткізушілерге қатысты кемсітушіліктің және бәсекелестікті негізсіз шектеудің болмауы;

Мемлекеттік ақпараттық жүйе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі https://public.tizilim.gov.kz/

Әлеуетті жеткізушілер мен мердігерлерді Серіктестіктің сатып алуларына белсенді қатысуға шақырамыз.