«Богатырь Көмір» ЖШС-дағы бастауыш партия ұйымының қызметі туралы
22.08.2016
О деятельности первичной партийной организации
ТОО «Богатырь Комир»
«Богатырь Көмір» ЖШС көмірді ашық тәсілмен шығаратын әлемдегі ірі көмір шығарушы кәсіпорындардың бірі болып саналады. Бас директоры – Серік Құдысбекұлы Раипов.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің бастауыш партия ұйымының құрамында жұмысшылардың жалпы санының 20%-ын құрайтын «Нұр Отан» партиясының 1300 мүшесі бар. Оның құрамына 9 бастауыш партия тобы кіреді. 2012 жылдың сәуірінен бастап бастауыш партия ұйымының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Екібастұз қалалық филиалының партиялық бақылау Комитетінің мүшесі - Хозяшева Ольга Дмитриевна.
Бастауыш партұйымда «Нұр Отан» партиясының атынан қалалық мәслихаттың 2 депутаты есепте тұр: «Богатыр» кенішінің директоры Серік Жұматайұлы Макаров және қоғамдық тамақтану Комбинатының асхана меңгерушісі Эльдар Рзакули-оглы Абдинов және облыстық мәслихаттың бір депутаты, атқарушы директор Қайрат Рғайбекұлы Рғайбек. Депутаттар «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. Мақсаттар 2017. Ұлттық іс-қимылдар жоспары» сайлау алды платформасын өмірде іске асыра отырып қала мен облыс жұмыскерлерін әлеуметтік-экономикалық жақсарту мәселесі бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. Депутаттар кесте бойынша тұрғындарды қабылдайды, сайлаушылармен кездеседі, атқарылған жұмыстар туралы есеп береді.
2014 жылдың наурызында «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 15 жыл толуына байланысты «Нұр Отан» партиясының Екібастұз қалалық филиалы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бастауыш партия ұйымын қалалық партия ұйымының қызметіне белсене қатысқаны, ұйымдастырушылық – партиялық жұмысты үздік жолға қойғаны үшін» Дипломмен марапаттады.
2015 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бастауыш партия ұйымы үздік бастауыш партиялық ұйым өңірлік конкурсына қатысты және конкурстың қорытындысы бойынша облыста екінші орынға ие болды, Дипломмен және 100 000 теңге көлемінде сыйлықақымен марапатталды.
2016 жылдың маусымында «Нұр Отан» партиясының Екібастұз қалалық филиалының өткен XVIII кезектен тыс конференциясында барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша сайлау кампаниясына белсене қатысқандары үшін «Нұр Отан» партиясы төрағасының, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатымен «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жеке құрамды басқару бөлімінің бастығы Тамара Карпец, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас маманы Зүлфия Оспанова, Құрмет грамотасымен серіктестіктің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары, «Богатырь Көмір» ЖШС бастауыш партия ұйымының басшысы Ольга Хозяшева марапатталды.
Бастауыш партия тобының төрағалары болып табылатындар:
«Богатырь» кеніші |
Тюлин Владимир Александрович |
Богатырь ЖКБ |
Қоңырбаев Ерболат Қаириденұлы |
ТКЖЖ зауыты |
Шалабаев Берік Манапұлы |
Автобаза |
Искаков Рустэм Байғазыұлы |
Теміржол жабдықтарын жөндеу жөніндегі басқарма |
Корастылев Андрей Павлович |
Технологиялық көлік басқармасы |
Ермеков Асхат Рахметуллинович |
Энергиямен жабдықтау жөніндегі басқарма |
Бейсембаев Назымбек Кәкімжанұлы |
Коммерциялық дирекция |
Болпакова Шынар Сагындыққызы |
Атқарушы аппарат |
Елубаев Марат Нығметұлы |