КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ / ДА Жаңалықтар

Құрмет - ардагерлерге, қолдау – жас дарындарға

13.02.2017

Құрмет - ардагерлерге,  қолдау – жас дарындарға

Жас дарындарды қолдау және аға ұрпақтарға  көмектесу «Богатырь Көмір» ЖШС атқарушы директоры Қайрат Рғайбектің депутаттық бағдарламасының басымдылығы болып  табылады.

 Өткен жаңажылдық мерекелерде «Богатырь Көмір» ЖШС бірлескен жастар қозғалысының белсенділері Қайрат Рғайбектің тапсырмасымен қаламыздың құрметті ардагерлеріне азық-түлік себетін апарып берді. Құрметті адамдарды жаңа жылдарымен құттықтап, оларға денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.  Соғыс ардагері Талғат Ахметов,  еңбек майданының қатысушысы Қаратай Қалиев және 2-ші топтағы мүгедек Екатерина Донцова өз тараптарынан,  депутатқа және жас кеншілерге оларға деген ниеттері мен көрсетілген көмектер үшін алғыс сөз айтты.

  Ал жуырда ғана рождество күндері, депутат Рғайбектің демеушілік қолдауымен, «Стрекоза» көркем сурет студиясында «Қысқы ертегі» тақырыбында балалар сурет байқауы өтті.  Байқауға қатысуға 13 бала өтініш білдірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр түрлі үлгіде және кескіндеме техникасында орындалған  балалар жұмысы ұмытылмас әсер қалдырды, жасалған бейнелердің қайталанбастығымен назар аудартты. Ең үздік байқау суреттері әлеуметтік желілердегі ашық дауыс берудің қорытындысымен анықталды. Нәтижесінде дауыстардың көпшілігін – 805 лүпілді жетіжасар Ясмина Қалиеваның суреті жинады, ал екінші орынды 570 дауыспен Аружан Мухамбетқалиева (8 жас), үшінші орынды 309 дауыспен Татьяна Волосейко (12 жас), төртінші орынды 276 дауыспен -  Екатерина  Дереберя (9 жас) жеңіп алды. Жүлде ретінде  әр бала жұмсақ ойыншық алды, байқаудың басқа да қатысушылары да сыйлықсыз  қалмады. Барлығыңа жас суретшілер үшін арналған шығармашылық жинақты сыйға тартты.

Қанат АЛДАБАЕВ

Артқа жаңалықтар ДА үшін