Депутаттық қызмет. Атқарылған жұмыстар аз емес
13.02.2017
Депутаттық қызмет
Атқарылған жұмыстар аз емес
Өткен жылда сайлаушылар әртүрлі көптеген маңызды мәселелермен Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің атқарушы директоры Қайрат Рғайбекке жүгінді. Бұл мәселелердің басым бөлігі қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты болды. Депутат өзі үшін алғашқы кезекте халықтың осал топтарының әлеуметтік проблемаларын шешу керек екендігін анықтады. Сонымен, шұғыл медициналық емделу үшін көмек сұрап келгендерге депутат 200 мың теңгеге жуық қаражат бөлді. Тағы да 60 мың теңгені халық қалаулысы үйдің жабынын жөндеу үшін құрылыс материалдарын сатып алуға зейнеткер Надежда Ивановнаға берді. Депутат жабынды ауыстыруды ұйымдастыруға да көмектесті. Қайрат Рғайбек 208-квартал аумағын абаттандыруға, қаланың шағын аудандарындағы аула алаңшаларын жайластыруға белсенді түрде қолдау көрсетті. 208-квартал кірме жолдар, Горняков көшесі, 15,15 «А», 15 «В» балалардың ойын алаңшалары жоспарланды және оларға отсев төселді. Шағын ойын формалары орнатылды және М.Жүсіп көшесі, 37,38,42 «А», 42 «Б» мекенжайы бойынша үйлердің аулаларына құм жеткізілді. Жаңа жылу беру мерзіміне дайындық барысында депутат округтің тұрғындарының коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін көмір сатып алуларына көмектесті. Депутат «Роботикс» балалар шығармашылық үйірмесіне Қарағанды қаласында өтетін республикалық конкурсқа қатысуларына, «Наз» хореографиялық ансамбліне Алматы қаласында өткен республикалық конкурсқа қатысуларына, «Екібастұз шығармашылық хи-хоп» командасына қалалық конкурсты ұйымдастырулары мен өткізулеріне демеушілік көмек көрсетті. Депутат көпшілік спорттың дамуына да барынша қолдау көрсетеді, кәмелет жасқа толмаған балаларға арналған жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне тұрақты түрде қол ұшын беріп тұрады, оқу орындарын бітіргендерін жұмысқа тұрғызуға қолдау көрсетеді. Қайрат Рғайбек аталмыш жұмыстарды үстіміздегі жылда да жалғастыруға ниеттеніп жүр.
Қанат АЛДАБАЕВ