Депутаттық қызмет. Адамдарға бірлесіп көмек көрсету
13.02.2017
Депутаттық қызмет
Адамдарға бірлесіп көмек көрсету
- Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің атқарушы директоры Қайрат Рғайбекке және «TAKRAF GmbH» (Германия) компаниясына көрсеткен көмектері үшін және біздің ауланы абаттандыруға қолдау көрсеткендері үшін зор алғысымызды білдіргіміз келеді, - дейді Екібастұзға 50 жыл көшесі бойынша №10 үйдің тұрғындары. Үйдің жанындағы аумақты реттеу мен тиісті түрге келтіру туралы өтінішпен аталмыш үйдің тұрғындары халық қалаулысы мен «TAKRAF GmbH» компаниясының өкілдеріне өтініш білдірді. Облыстық мәслихаттың депутаты, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің атқарушы директоры Қайрат Рғайбек және «TAKRAF GmbH» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Эркин Исламов адамдардың тілектерін назардан тыс қалдырмады, қалалық биліктің белсенді түрде қолдау көрсетуімен Екібастұзға 50 жыл көшесі бойынша №10 үйдің ауласын абаттандыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Барлық аулалық аумақ түбегейлі өзгертілді: балалардың ойын алаңдары заманауи шағын формалармен және спорттық құралдармен жабдықталды, асфальттық жабын төселді және автокөліктерді қоятын орындарға ернеулер қойылды, үйдің жанындағы учаскеге ағаштар отырғызылды, гүл өсіретін алаңдар белгіленді, ағаштардың өсіп кеткен талдары мен бұталары кесілді, тұрғындардың жайлы дем алулары үшін орындықтар, ал тиісті тазалықты ұстап тұру үшін қоқыс салатын урналар орнатылды. Тәуліктің қараңғы мезгілінде тұрғындар тыныш және қауіпсіз өмір сүрулері үшін ауланың аумағындағы көше жарықтары қалпына келтірілді. Сонымен, депутаттың және фирмы «TAKRAF GmbH» өкілдерінің тырысуларымен Екібастұзға 50 жыл көшесі бойынша №10 үйдің ауласының аумағы абаттандырылды.
Қанат АЛДАБАЕВ
Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.