КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ / ДА Жаңалықтар

Депутат қызметі.Депутатқа көмегі үшін алғыс

13.02.2017

Теміржол жолдар арқылы жүргінші өтпе жолына дұрыс кіре беріс жолдың жоқтығы көп жылдан бері 208 кварталдың тұрғындары үшін нағыз қайғы болды.  Әсіресе осы ауданда тұратын мүмкіндігі шектеулі адамдарға ауыр тиді. Ескірген мәселені шешуге көмектесуге Павлодар облысы маслихатының депутаты Қайрат Рғайбекке  бірінші топтағы мүгедек Арыстанбек Сәрсенбаев өтінді. Ал бұл депутаттық көмек көп күттірмеді.  Депутаттың көмегімен кіре берістің жоспарлануымен төгілу жүргізілді. Енді, 208 кварталдың тұрғындары, қиналмай-ақ теміржол өтпе жолына жай ғана жете алады, ал ең бастысы, белгіленген орында темір жол өтпе жолдарынан өту өмірге қауіпті емес.

Депуаттың тағы бір игі істерінің бірі – 208 кварталдың тұрғыны, зейнеткер Надежда Ивановаға жасаған көмегі. Өзінің бір баруында, депутат Рғайбек оның үйінде шатырдың тозғанын байқады. Сол кезде ол зейнеткерге құрылыс материалдарын сатып алу үшін  өзінің жеке қаражатынан 60 мың тенге берді. Ал сәл кешіректеу шатырдың жөндеуін ұйымдастыруға және жүргізуге тікелей көмек жасады. Игі істер жасау және мұтаж адамдарға көмек қолын созу депутат үшін азаматтық парыз болып саналады. Рамазан айында жедел отаға мұқтаж ардагер-кенші Амангелді Базарбаевқа 70 мың тенге көлемінде көрсетілген материалды көмек уақтылы болды. Ал шуақты Құрбан Айт мерекесінде депутат діншіл  адам Гулиддин Темірқұлұлының  қасиетті мекен Меккеге қажылықа баруына өзінің жеке қаражатынан қаржыландырды.

Депутат Қайрат Рғайбектің сайлаушылары  оған көрсетілген және қатысқан көмектері үшін дән риза және  алдағы жұмысында табыстар тілейді.

Қанат АЛДАБАЕВ

Сурет Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

Артқа жаңалықтар ДА үшін