КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ / ДА Жаңалықтар

Өкілетті үкімет. Депутат есеп беруде

11.09.2016

Өкілетті  үкімет

Депутат есеп  беруде

Үкіметтің өкілетті органдарына сайланғаннан  бастап   көп уақыт өткен жоқ, бірақ та халық сенімінің мандатын алған депутаттарға өз сайлаушылар алдында айтары бар. Олардың активтерінде шешілген мәселелер бір емес және бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Аумағына  тек көпқабатты тұрғын үй секторлары ғана емес, сонымен қатар, жеке меншік құрылыстар ауданы да кіретін №28- Станциялық сайлау округі  қаламыздың  қиын дау-дамайы көп күрделі учаскелерінің біріне жатады. Әр түрлі деңгейдегі мәслихаттарда «Богатырь Көмір» ЖШС-і сияқты қала құраушы ірі кәсіпорынның мүддесін қорғайтын депутаттар үшін  қиындықтардан тартынып, «жеңілдің үсті, ауырдың үстімен» жүру -  жат  нәрсе. Сондықтан  сайлауда  адал әрі бәсекелестік күреспен  жеңіске жеткен богатырьлік депутаттар округтегі қордаланып қалған қоғамдық  мәселелерді шешуге  білектерін сыбана, батыл кірісті.

Сайлаушылардың  сайлау алдындағы кездесулерде айтылған талап-тілектері – басты назарда. «Богатырь Көмір» ЖШС-і атқарушы директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Рғайбектің атына түскен мұндай  жазбаша өтініш саны 33 екен: 25-іне нақты көмек көрсетілді, 8 өтініш бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Депутат өзінің жеке қаражатына Узкий шолақ көшесі, 3-үй мекенжайында тұратын зейнеткерге, сонымен бірге,  208-інші орамдағы №31 үйде тұратын тұрғындарға көмір сатып алып, жеткізіп берді. «Роботикс» балалар шығармашылық үйірмесіне, олардың тәрбиеленушілеріне Қарағанды қаласында өткен республикалық байқауға қатысу үшін демеушілік көмек көрсетті. Алматы қаласына республикалық байқауға бару үшін «Наз» хореографиялық ансамблінің жолын қаржыландырды.

Депутат Қ.Рғайбектің белсене атсалысуымен қаламыздың абаттандыру мәселелері де оң шешімін табуда. Мәшһүр Жүсіп көшесі, 9-үй мекенжайына қарасты кварталішілік аумақ жөнделіп, 35 текше метр көлемде отсев әкелінді. Ломоносов көшесіндегі 24 «А» үйдің жертөлесін құрғату үшін қиыршық тастар әкелінді. Медресе-мектеп аумағын абаттандыруға да көмек көрсетілді: құнарлы топырақ жеткізіліп, гүл отырғызылды, көгал егілді. Қайрат Рғайбек атына ерекше алғыстар қаламыздың шалғай шағынаудандарының бірі – 208-ші орам  тұрғындары тарапынан айтылуда. Мұнда халық қалауысының ықпалымен аса ірі қоқыстар орны жойылып, жол тегістелді және отсев төгілді.

-        Біздің депутатқа үлкен рахмет! - дейді шын ниетімен 208-ші орамдағы №35 үйдің

түрғыны Надежда Иванова. -  Осы адамның арқасында ғана көп жылдан бері жатқан жуынды, қоқыс төгетін шұңқыр алынып тасталды. Таудай болып үйіліп қалған қоқысты машина екі күн бойы шығарды. Біз, тұрғындар, өтінішімізге көңіл аударып көмек қолын созғаны үшін Қайрат Рғайбекке өте ризамыз және шексіз алғысымызды білдіреміз. Ол кісіге сәттілік және амандық-саулық тілейміз. Мен өз дауысымды осындай абзал азаматқа бергенім үшін қателеспегеніме қуаныштымын.

Депутатқа «Богатырь  Көмір» ЖШС  ССК және ТКЖЖ зауытының спорт залында сүйікті спорт түрімен айналысуға ықпалын тигізу өтінішімен келген мүгедек спортшы Талғат  Эрекеевке және көмір ардагерлерінің тұтас тобына адамгершілік тұрғыдағы көмегі мен қолдауы дәл уақытында көрсетілді. ЕИТИ түлегі, жетім жігіт Жанәбіыл Бекәділдің тағдырына да бей-жай қарамай, кәсіпорынға жылжымалы құрам слесарінің оқушысы ретінде жұмысқа тұрғызды.

Депутат Екібастұз қаласының кәмелет жасқа толмаған балалар баспанасының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек көрсету үшін уақыт пен мүмкіндік табады. «Богатырь Көмір» ЖШС кеншілері үшін  бұл қамқорлыққа алынған әлеуметтік мекемеде Қайрат Рғайбек жиі  келетін қонақтардың бірі және әр келген сайын балалардың алаңына келе отыра, ол міндетті түрде сыйлықтармен толағай тәттілер сыйлап кетеді.  

Жалын-жігерін халқының игілігіне арнауды мақсат тұтқан от жүректі азаматтың жеткен жетістіктерімен  шектелер ойы жоқ, сондықтан да сайлауалды науқан кезінде өзіне алған міндеттемелердің барлығын  толық орындауға ниетті.

Қанат АЛДАБАЕВ

Сурет  Олег МАЛЬЧУКТІКІ. Суретте дейін және кейін. 

Артқа жаңалықтар ДА үшін