КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ / ДА Жаңалықтар

Депутаттық қызмет. Сайлаушылардың аманаттарын орындай отырып

11.09.2016

  Өткен бейсенбіде «Богатырь Көмір» ЖШС-нің атқарушы директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Рғайбек өзінің тығыз жұмыс кестесінен уақыт тауып 28-сайлау округіне барды. Мәшһүр Жүсіп көшесі, 9-үй мекенжайының тұрғындары сыйлы қонақты қуана қарсы алды, себебі халық қалаулысының арқасында сол үйдің жанындағы төңірекке жөндеу жүргізілді. Депутаттың қатысуымен ауласына әткеншек, балалардың ойын алаңдары орнатылған, орындықтар қойылған, құм әкелінген Ломоносов көшесі, 23 «а» және Пішенбаев көшесі, 25/26-үйдің тұрғындары да Қайрат Рғайбекті шын көңілдерімен қарсы алды.  208-кварталдағы №35-үйдің тұрғындары да қоқыс шығаруға көмектескені үшін Қайрат Рғайбекке зор ризашылықтары мен ізгі тілектерін білдірді. Сайлаушылардың аманаттарының көбін депутат орындап үлгерді, қалған тілектер бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Қанат АЛДАБАЕВ.

Суретте: Сайлаушылармен кездескен сәт.

Артқа жаңалықтар ДА үшін