КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ / ДА Жаңалықтар

Депутаттық қызмет. Аманат орындалуда

11.09.2016

Биліктің өкілетті органдарына сайлау жүргізілген сәттен бастап аз уақыттың ішінде халықтың сеніміне ие болған депутаттар өз сайлаушыларына айтарлары көп. Олардың активтерінде шешілмеген мәселе жоқ және бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

   Құрамында көп қабатты тұрғын сектормен қатар жеке құрылыстары бар 28-сайлау округі қаламыздың өте күрделі  және проблемалы учаскелерінің біріне жатады. Бірақ «Богатырь Көмір» ЖШС сияқты ірі қала құраушы кәсіпорынды мәслихатқа ұсынып отырған депутаттардың абыройына бұндай қиындықтар нұқсан келтіре алмайды, олар қандайда болсын қиындықтарды жеңе білді. Сайлаудағы адал және бәсекелесті күресте жеңіп шыққан богатырлық депутаттар көнерген қоғамдық проблеманы шешуге батыл кірісті. Сайлау алды кездесуде сайлаушылардың берген аманаттарының біреуі де назардан тыс қалмады. Әр көкейтесті мәселе өз жауабын тауып отыр. Қаланың жекеленген аудандарында өткен жылы жиналып қалған толып жатқан проблемаларды тұрғындар сайлау алды кездесулерде Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің атқарушы директоры Қайрат Рғайбекке айтқан болатын. Ол бос уәде берместен тұрғындарды алаңдатқан барлық мәселелерді назарға алды. Оның жартысы бүгінгі күні шешілді. Депутаттың қолдауымен Мәшһүр Жүсіп көшесі, 9-үй мекенжайы бойынша кварталішілік төңірек жөнделді және 35 текше метр көлемінде отсев төселді. Ломоносов көшесі 24 «а» мекенжайы бойынша жертөлені құрғату үшін қиыршықтас жеткізілді. Мектеп-медресе төңірегін абаттандыруға көмек көрсетілді: құнарлы топырақ жеткізіліп гүл, гүлзар шөптер егілді. Қаламыздың  жекеленген шағын аудандарының бірі 208-кварталдың тұрғындары көмек көрсеткені үшін ерекше алғыстарын білдірді. Бұл жерде халық қалаулысының арқасында үлкен қоқыс үйіндісі жойылды, жол тегістеліп отсев төселді.    

Надежда Иванова, 208-кварталдың тұрғыны:

- Депутатқа көп жылғы қоқысты шығаруға көмектескені үшін зор алғыс білдіремін. Екі күн бойы машиналар үйілген қоқысты шығарды. Біз тұрғындар Қайрат Рғайбекке өте ризамыз, біздің өтінішімізді орындағаны үшін оған алғыс айтамыз. Оған табыс пен амандық тілейміз. Ол кісіге дауыс бергенім үшін қуанамын. Ол сөзінде тұратынын ісімен дәлелдеп берді.

  Облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Рғайбек осы жетістіктерімен тоқтамайды, сайлау алды кампанияның кезеңінде өзіне жүктелген міндеттерді толығымен орындайды.  

 

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

Артқа жаңалықтар ДА үшін