КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ / ДА Жаңалықтар

Маңызды мемлекеттік іс

11.09.2016

Білімдерімен дәлелдеді

«Богатырь Көмір» компаниясы мемлекеттік тілді дамытуға ерекше көңіл бөледі. Кәсіпорында бірнеше жыл бойы қазақ тілін оқытудың жеке үлгісі іске асырылуда. Әр оқу циклінің аяқталуы дәстүр бойынша курсты бітірушілерге салтанатты түрде сертификат берумен жалғасады.

Сондықтан өткен жұмада «Богатырь» кенішінің әкімшілік-тұрмыстық кешенінің акт залында серіктестік жұмыскерлеріне мемлекеттік курсты табысты аяқтағандары туралы кезекті салтанатты жиын өткізілді.

Жүргізушілер Манар Ерботина мен Николай Помешалкин мерекелік іс-шараны аша отырып ана тіліміздің баға жетпес құндылығын, оның достық пен ұлтаралық келісімді бекітудегі маңыздылығын атап өтті.

Курсты аяқтаушыларға сертификат беру құрметі «Богатырь Көмір» ЖШС-нің атқарушы директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Рғайбекке және компанияның кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрула Тұратаевқа берілді.

Тыңдаушыларды курсты табысты аяқтауларымен құттықтай отырып серіктестіктің атқарушы директоры Қайрат Рғайбек атап өтті:  

- 2013 жылдан бастап біздің кәсіпорында мемлекеттік тілді үйрету белсенді түрде енгізілген, арнайы курстар жұмыс істейді. 3 жылдың ішінде 100-ден аса қызметкер оқып шықты. Бүгін оқуды табысты аяқтағандары туралы сертификатты 50-ден аса адам алады. Бұның бәрі мемлекеттік тілді оқыту бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатына қолдау көрсетуімізді дәлелдейді. Ел президенті жуырда Павлодар облысына келген сапарында түрлі ұлттың өкілдері қазақ тілінде сөз сойледі. Бұл ерекше әсерге бөлейді және еліміз үшін мақтаныш сезімін білдіреді!

Өз кезегінде «Богатырь Көмір» ЖШС-нің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі басшысы Манар Ерботина компания басшылығын мемлекеттік тілді насихаттау мен дамытуға қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Іс-шараға қатысушыларға нағыз мерекелік көңіл-күйді «Серпантин» спорттық – балдық би клубының әртістері мен «Джуманджи» би театрының әртістері, сондай-ақ кәсіпорынның оқыту-курстық комбинатының қызметкерлері мен «Северное сияние» Богатырь ЖКБ вокалды тобы сыйлады.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

Артқа жаңалықтар ДА үшін