Үйретті, көрсетті…

14.06.2019

АҚ және ТЖ штабының бастығы Наталья Веселова мен қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің жетекші маманы Ольга Овсянникова «Қарлығаш» балалардың сауықтыру лагеріне демалуға келген балаларды судағы қауіпсіздік тәртібіне үйретті. Павлодар облысы ҚО отрядының құтқарушыларымен бірге олар балаларға құтқару шеңбері мен желеткесін қалай пайдалануды,  суға кеткен адамды қалай шығарып алуды және оған алғашқы көмек көрсетуді көрсетті. Сондай-ақ балаларға өрттегі эквакуциялау кезінде өздерін қалай дұрыс ұстауды үйретті. Балалар өрт машинасының жұмысын көрді. Кездесу туралы ескерткіш ретінде оларға жас суретшілердің жиынтығын сыйлады. 

Жаңалықтар тізіміне оралу