Жасыбайдағы жазғы демалыс
14.06.2019
«Богатырь Көмір» компаниясының «Жасыбай» демалыс орталығы жазғы сауықтыру маусымын ашты. «Березка» демалыс үйі бұл күні кеншілердің 200-дей отбасын қарсы алды, қазіргі уақытта соншама бала «Қарлығаш» балалардың сауықтыру лагерінде демалуда, олардың ішінде аз қамтылған отбасының 75 баласы бар. Компания бұл санаттағы балалар үшін барлығы 200 тегін жолдама бөліп отыр.