Медальдермен оралды
11.06.2019
«Самұрық – Энерго» АҚ құрамасының құрамындағы «Богатырь Көмір» компаниясының спортшылары Нұр-Сұлтан қаласында өткен еңбекшілердің бірінші республикалық салааралық Спартакиадасында табысты өнер көрсетті. Үстел теннисі бойынша турнирдегі алтын медальді Екатерина Ережепова жеңіп алды («Богатырь» кеніші), күміс медальдерге ие болғандар: шахматтан – Еркін Құрманбаев (БЖКБ), тоғыз құмалақтан – Мачинур Латыпова (КҚД), шағын-футбол бойынша турнирде руслан Шишкин, Алмас Қасенов, Мұрат Ахметшәріпов, Валерий Пастухов (БЖКБ) вице-чемпиондар атанды. Қол күрестіру бойынша жарыстарда Алексей Сазонов (БЖКБ) қола жүлдегер атанды.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, еңбекшілердің республикалық салааралық Спартакиадасында бірінші чемпион болды.