Балалар марапатталды

08.05.2019

Халықаралық еңбекті қорғау Күніне ұштастырылған балалар суреті конкурсының жүлдегерлері құрмет грамоталарымен, ал көмір шығарушы кәсіпорында жұмыс істейтін олардың ата-аналарына балаларының алған жүлделі орындары үшін еңбекақы карталарына сыйлықақылар аударылды. 

Балаларды марапаттау «Богатырь» кенішінің көру алаңында өткізілді. Балалар ата-аналарымен бірге кеніштегі техника жұмысын сүйсініп бақылады, оның жұмысы туралы балаларға «Богатырь Көмір» компаниясының азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау бойынша басқармасының бас техникалық басшысы Игорь Попович түсіндіріп берді. Жас қонақтарға арналған экскурсия ашық аспан астындағы мұражайда жалғастырылды. Көргендерінен шабыт алған жас суретшілер өз әсерлері мен қиялдарын бордың көмегімен алаң жанындағы көру мұнарасына түсірді. Бірнеше минуттан соң сол жерде балаларға тәтті тосын сыйлар мен құрмет грамоталары ұсынылды. Оларды жүлдегерлерге көмір өнеркәсібі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Николай Попов берді. Ол балалар мен олардың ата-аналарын атаулы оқиғамен құттықтады және оларға әрі қарай да жеңістерге жете беруді тіледі.  

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу