«Богатырьға тән» әйелдер күні мерекесі
07.03.2019
«Богатырь Көмір» компаниясында халықаралық әйелдер күнін құшақ-құшақ гүл, құттықтаулар, музыкалық композиция мен корейлік сиқыршылардың шеберлігі негізге алынған magic- қойылымы және пикселдік жарық шоуы мен қарсы алды. «Богатырь» кенішінің ӘТК-нің сахнасында көрермендер жүрегінде жарқын әсер қалдырған нәзік жандыларға арналған мерекелік қойылым көрсетілді.
Нәзік жандыларды компанияның бас директоры Н.Н.Корсаков құттықтап, еңбектеріне ризашылығын білдіріп, зор денсаулық, көктемдей көтеріңкі көңіл күй тіледі. Құттықтау сөзімен бас директордың бірінші орынбасары – қаржы директоры – Кадырбаев Асылхан және бас директор орынбасары - өндіріс жөніндегі директор Макаров Серік сөз сөйледі.Адал ниетті еңбегі үшін Халықаралық әйелдер күніне орай компанияның 30 қызметкері басшылық тарапынан Алғыс хатпен марапатталып, 30 мың көлемінде сыйақыға ие болды. Сонымен қатар осы күні «Богатырь Көмір» компаниясының нәзік жандылары 7575 сомасында мерекелік сыйақы алды.
Марина ПОНКРАТОВА
Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.