Тәжірибе алмасты
06.03.2019
"Самұрық-Энерго" өздерінің еншілес кәсіпорындарының баспасөз хатшылары үшін семинар өткізді. Іс-шараны Үкіметпен және энергохолдинг коммуникацияларымен байланыс бойынша Офис «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы мен компания басшыларының қолдауымен ұйымдастырды.
"Самұрық-Энерго" АҚ-да оның еншілес ұйымдарының баспасөз хатшылары үшін семинар өтті, оның ішінде «Б.Нұржанов атындағы «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциясы» АҚ, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ, "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС, "Шардаринская ГЭС" АҚ, "У.Қантаев атындағы Мойнакская ГЭС" АҚ, "Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Samruk Green Energy" ЖШС.
БАҚ өкілдерімен қалай жұмыс істеу керек, басқа да баспасөз қызметтерімен қалай тиімді қарымқатынас жасау керек, әлеуметтік желілер мен сайттарда компания қызметі туралы ақпарат беруді ұйымдастыру – дәл осы мәселелер талқылау тізбесіне енді.
Спикерлер ретінде шақырылған медиажаттықтырушылар емес қатысушылардың өздері сөз сөйлегендері есте қаларлық болды.
Іс-шараға энергохолдинг басшылығы да қатысты. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басқарма төрағасы Бақытжан Жуламанов Қазақстан экономикасы үшін «Самұрық-Энерго» маңыздылығы мен жұмысы туралы қоғамды ақпараттандырудың мәнділігін атап өтті.
"Еліміз өзінің энергетикалық қауіпсіздігінің қалай қамтамасыз етілетінін білуі қажет. Біздің жұмысымыздың, өндірістегі мыңдаған адамның ауыр еңбегінің бағалануы көбінесе баспасөз қызметі мен PR бөлімшелері жұмысына байланысты. Абырой-бедел көптеген жылдар бойы қалыптасады және көптеген құрамдастардан, оның ішінде тиімді ақпараттық-имидждік жұмыстан жинақталады», - деп баса айтты Бақытжан Жуламанов.
Бүгін энергохолдинг компаниясының PR және GR бөлімшелерінде PR саласында, БАҚ-та, квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінде үлкен жұмыс тәжірибелері бар мамандар еңбек етуде.
"Семинар өз проблемалары туралы айтуға, тәжірибе алмасуға, пайдалы кәсіби байланыстырды бастауға және масс-медиа саласында жаңа трендтердің дамуын талқылауға жақсы мүмкіндік берді. Біздер үшін өңірде жұмыс істейтін біздің әріптестеріміз, сондай-ақ БАҚ саласындағы шақырылған сарапшылар үлкен қызығушылық туғызады, - деп пікірімен бөлісті «Самұрық-Энерго» АҚ-ның үкіметпен және коммуникациямен байланыс жасау офисінің басшысы Ханат Айменов. Ол өзінің баяндамасында мемлекеттік биліктің атқарушы органдарымен қарым-қатынас бойынша жұмыстарының ерекшелігін қозғады.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның баспасөз хатшысы Ринат Тасболатов семинарда PR бөлімшелердің міндеттері мен қағидалары, сонымен қатар дағдарыс кезіндегі іс-әрекеттері туралы айтып берді:
-Акционерлер мен басқа да стейкхолдерлер, әлеуетті инвесторлар медиа-кеңістікте компанияның жұмысын, олардың операциялық қызметі мен қаржылық есептерін мұқият қадағалап отырады. Кәсіпорын жақсы жұмыс істеуі мүмкін, бірақ PR- коммуникациялармен жұмыс жөнге қойылмаса бұл туралы ешкім білмейтін болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері баспасөз қызметінен не күтеді? Бұл көкейтесті сұраққа жауапты «Хабар» телеканалының жаңалықтар бөлімінің шығарушы редакторы Гүлфариза Рамазанова жауап берді. Масс-медиа өкілі келіп түскен ақпаратты таңдаудың критериялары мен жаңалықтарды дайындау қағидасын түсіндірді, сондай-ақ тәжірибелік сабақ өткізді.
«Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларына SK News корпоративтік газеті мен sknews.kz порталы үлкен ақпараттық қолдау көрсетеді, оларды әлеуметтік қарым-қатынас пен коммуникациялар орталығы шығарады. Мультимедиалық порталдың әлеуеті туралы «ЦСВК» ЧУ әлеуметтік және коммуникациялар жобаларының басшысы Дархан Уалиханов айтып берді.
"ЦСВК міндеттерінің шеңберіне ішкі коммуникацияны дамыту енеді. Қор компаниясы тобының жұмыскерлерінің, сондай – ақ «Самұрық-Энерго» өмірі туралы материалдар үнемі жарық көретін SK News корпоративтік газеті мен оның sknews.kz сателлит-порталы – бұл жұмыстағы маңызды құрал. Біз алдағы уақытта ақпарат алмасу, тақырыптар мен идеяларды іздеуге мүдделіміз – деп атап өтті Дархан Уалиханов.
Семинар барысында қатысушылар кәсіпорынның сайтында ақпараттық ілесу, мемлекеттік тілде материалдар дайындаған кездегі ережелер мен қателер, Трансформация Бағдарламасының іске асырылуын түсіндіру, комплаенс-тәуекелдер туралы мәселелерді талқылады.
Кейбір ДЗО-да қоғаммен байланыс бойынша мамандардың болмауын есепке алғанда, ақпаратты кәсіпқойлардың аузынан есту өзекті болды. Біздің ұжымның білімі мен тәжірибесі зор құрметке лайық. Біздің артымызда осындай қолдау тұрғанын сезіну жағымды.
"Өте пайдалы, мазмұнды және ең бастысы – заманауи ақпараттар көп болды. Маған сайтпен жұмыс бойынша тәжірибелік кеңестер өте ұнады. Мен өзіме көп нәрсені жазып алдым, жаңадан алған білімімді бүгіннен бастап жұмысымда қолданғым келеді» - деп «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-нің қоғаммен және инвесторлармен байланыс бойынша бас маманы Анжела Кенжина пікірімен бөлісті.
"Бұл кездесу «Самұрық-Энерго» портфельдік компаниясының баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтерінің редакторларына өз тәжірибелерімен бөлісуге және әріптестерінің тәжірибесін алуға мүмкіндік берді. Семинарға қатысушының әрқайсысы бұл кездесуден өзі үшін пайдалы ақпарат алғаны сөзссіз – деп семинардың маңыздылығын баса көрсетті «Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметінің редакторы Марина Понкратова.
"Біз семинарда өте пайдалы уақыт өткіздік. Өзімізге ниеттес адамдармен, әріптестерімізбен кездестік. Өз жұмысымызды қалай қайта құру керектігін, неге назар аударатынымызды белгілеп алдық» - дейді «Алматы электр станциясы» АҚ-ның баспасөз хатшысы Айгүл Құрғанбаева. Семинарда олар пиаршы мамандығының көп қырлы екендігін және ол өз ісінің шебері болуы қажет екендігін дәлелдей отырып, корпоративтік газет пен мақалалар дайындаған кезде фотоматериалдарды қолдану бойынша кеңестермен бөлісті.
Дамир Айдаров
Автордың суреті.