Атаулы күннің құрметіне

04.02.2019

«Богатырь Көмір» компаниясының ең ірі бөлімшесінің ұжымы 40 жылдық мерейтойын атап өтті.  

Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасы 1979 жылдың ақпанында құрылған. Ол қырық жыл өтсе де бұрынғы жылдардағыдай көмір шығарушы кәсіпорынның ең ірі бөлімшесі болып табылуда. Бүгінгі күні онда екі мыңға жуық адам еңбек етуде.

«Богатырь» кенішінің әкімшілік тұрмыстық кешенінде атаулы күннің құрметіне теміржолшылардың жас шығармашыл белсенділері ұйымдастырған тамаша мерекелік концерт өтті. Олардың ерекше музыкалық сыйлығы Богатырь ЖКБ туралы арнайы мерекелік күнге жазылған композиция болды.

Жиналғандарды компанияның бас директоры Николай Корсаков, БЖКБ директоры Ағыбай Покатаев және басқарманың бұрынғы басшылары – іс-шараның құрметті қонақтары құттықтады. Бұлар кәсіпорын ардагерлері – БЖКБ-ның алғашқы директоры Михаил Богомяков және Леонид Ересько, сондай-ақ Владимир Колесников, Артур Хачатурян мен Александр Григорьев.

Компания басшылығы және «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағы еңбегіне қосқан елеулі үлестері үшін басқарма озаттарына «Шахтер даңқы» мен «Еңбек даңқы» белгілері, «Көмір өнеркәсібінің құрметті жұмыскері» атағы және алғыс хаттар берілді.

Марина ПОНКРАТОВА 

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу