Мерейтойға дейінгі жол
31.01.2019
«Богатырь Көмір» компаниясының жүк-көлік басқармасы үлкен қалыптасу жолдан өтті. Кәсіпорынның 40 жылдық тарихының ең басында Екібастұз көмір алабында нағыз кәсіпкер адамдардың есімдерін сеніммен айта аламыз. Бұлар Георгий Степанович Гридин, Станислав Павлович Куржей, Иван Петрович Федотов, Николай Митрофанович Белик, Иван Петрович Опанасенко, Василий Фролович Гаврюшин, Геннадий Семенович Польщиков, Владимир Семенович Литвиненко, Алексей Сергеевич Гуторов сонымен қатар БЖКБ әр жылдары басқаруды тапсырған адамдар.
Беріктігіне сынақ
Богатырь жүк-көлік басқармасының бірінші басшысы Богомяков Михаил үшін көмір өндіру кәсіпорынында қызмет атқарған 44 жылдың барлығы ерекше болды. Алайда бір естелігі өшпестей мәңгі қалды санасында. Михаил Богомяков 1957 жылдың сәуірінде ұйымдастырылған «Иртышуголь» трестінің ЖКБ станция кезекшісінен "Разрез "Северный" ЖШС-нің бас директорына дейін үлкен жолдан өтті. Көз алдында өзінің қатысуымен «Богатырь» кеніші пайдалануға беріліп, кәсіпорынның темір жол жүйесі дамып, көмір мен аршылымдардың тасымалдануы қарқынды жүрді.
1973 жылы ЖКБ құрамында жол машина станциясы құрылды. Кейінірек «Богатырь» кенішінің базасында ЖКБ-ның техникалық бірлігі пайда болып, 1979 жылдың 1-ші ақпанында «Экибастузуголь» өндірістік бірлестіктің бас директоры Станислав Куржейдің бұйрығымен Богатырь жүк тасымалдау басқармасы құрылды. Кейін теміржол көліктерін қайта ұйымдастыру нәтижесінде Екібастұз және Восток ЖКБ пайда болды.
Тың өзгерістерге дайындық ретінде жылжымалы құрамның техникалық қайта қарулануы қарқынды жүріп жатты. Паравозды тарту күшін орнына электровоз келіп ауыстырылып, думпкарлар іске қосылды. Шағын станциялары, бөлу бекеттері тұрғызылып, жүздеген километр байланыс жүйелері мен электрбайланыс желілері жүргізілді. Қызметтік құрамды жаңа техникамен жұмыс жасауға оқыту, қайта үйрету, жөндеудің жаңа технологиясын енгізу, депоны қайта жарақтау, жаңасын салып оны жұмысқа ендіру осының барлығын өндірісті тоқтатпай жүргізуге тура келді.
- «Богатырь» кеніші мен БЖКБ-ның қызметкерлері үшін беріктігі пен төзімділіктің нағызғы сынағы болып 1985 жыл табылады,-деп бөлісті Михаил Петрович. – осы жылы 56,8 млн тонна көмір шығарылып, тасымалданды. Тәулігіне 155,6 мың тонна көмірді артуға тура келген, ал бұл 2350 вагон немесе 34-35 маршрут. Яғни әр сағат сайын «Богатырь» станциясынан 1,5 маршрут жөнелтіліп отырылған. Осы жылы ОПЭ-1 №254 төртінші лакомотивті бригада Екібастұз көмір алабының пайдалуға берілгеннен бастап миллиардыншы тонна көмірді тасып шығарды...
Кенші-теміржолшылардан алғашқы Наурыз.
1989 жылдан 1999 жыл аралығында БЖКБ басшысы Леонид Ересько бас директор Вячеслав Каландаришвили кезінде қосалқы шауашылықты қолға алынғанымен есте қалды.
- Ұжымның күшімен берік қосалқы шауашылық салынды. Бізде 500 бас жылқы, шошқа саны 2000 – ға жетті. Жылқы, дәндер мен жем-шөпті Алтайдан әкелдік. Қызметкерлеріміздің туған күнінде біз етті екі-үш адамға жазып беретінбіз, кімге жылқының еті, кімге торайды. Етті участкелерге бөліп, дүкендерде сатылымға қойдық. Сарыкөл көлі аймағында, әуежай тұсында балық өсірдік, яғни мөңке балығын, сонымен қатар, жұмыскерлерге демалыс орнын ұйымдастырдық. Біздің жұмыскерлер ауысым арасында шығып демалып тұратын, ол үшін арнайы көлік бөлініп отырды... Бас директордың экономика жөніндегі бас директоры Тусупхан Касымжанов тұсында Екібастұз қаласында алғаш Наурыз мерекесі атап өтілді. Ол үшін мен арнайы комитет құрдым, комитет құрамына өз салт-дәстүрін білетін қазақтар кірді. Алғаш рет әкімшілік ғимараты маңына киіз үйлер құрылды. Осыған дейін мен ешқашан киіз үйге кіріп көрмеппін. Киіз үй мен онық керек жарақтары үшін Майқайынға оралмандарға бардық. Оны жинауды қаншалықты көп үйренгеніміз әлі есімде. Мен сияқты украйындыққа нағыз май қазы, шұжық, қарта сорпасымен нағыз май болды....
Ең ірі бөлімшеде
Владимир Колесников БЖКБ басында 1990 жылдан 2005 жылға дейін. Бұл кезде компания ұлғайып, кеңейді, яғни Богатырь және Восток ЖКБ біріктірілді. Кейін құрамына «Богатырь» және «Северный» ЖКБ –ның теміржол бөлімшелері де кірді.
- Қатарында 2,6 мың адам қызмет еткен, бұл компанияның ең үлкен өндірістік бөлімшесі болды, - деп Владимир Витальевич есіне алады. Ол өз құрамына 40 шақты өндірістік учаскелерді біріктірді. Ол кезең өте қызықты болатын еді. Жаңа ұжым жинақталып, БЖКБ-ның жаңа басқарушы құрылымы қалыптасып, теміржол станциялары қайта құрылып, теміржол жолдары электрленіп, ОПЭ-1 тарту агрегатының жаңаланып жатқан кезі еді. Жұмыс жасау өте қызықты болды, уақыт та зымырап өте берді...
Әзілімен және өзіндік дәстүрімен
2005-2010 жж. басшылық еткен Артур Хачатурян: - мені ұжымда «көңілді директор» деп атап кетті, себебі БЖКБ директоры қызметіне халықаралық күлкі күні – 1 сәуірде кірістім, - деп еске алады.
Шындығына келсек, қазіргі сәтте «Railways Systems KZ» ЖШС – нің бас директоры Артур Вагидовичкөмір өндіру кәсіпорынында ірі нысандарды басқарған өте көңілді және ашық – жарқын адам.
- 90-ыншы жылдарда мен басқарған «Путь -1» учаскесі өте маңызды болды. Өндірілген
көмір көлемінің 70% осы учаскеге тиесілі еді. Техниканы аса қарқынды игеру керек болды. Сонымен қатар, қыс мезгілінде жұмыскерлер, басқарма апаратының қызметкерлері әйел адамдардан басқасының барлығы қар күреп, боранмен күресуге тура келді. Ол кезлің бораны мен аязы қазіргідей емес еді. Бірге жұмыс жасадық, бірге демалдық. БЖКБ-нды тіпті қатардағы теміржолшылармен басшылық құрам бірге демалыс күндері қала сыртына демалысқа шығу салты болды.
Сол заманда пайда болып, күні бүгінге дейін сақталған дәстүрдің бірі- теміржолшылар Күнін атап өту және жылжымалы құрам машинистері мен олардың көмекшілері арасында сайыстар өткізу. Әлі есімде 2003-2004 жылдары тіркеуге стақан су қою алғаш рет пайда болды. Көптеген машинистер суды төгіп алатын. Сол кезде «стақанға басқа нәрсе құйылып тұрса, төкпеуші еді» - деп әзілдеп, күлкіге қарқ қылғаны есімде. Біз оны да тексеріп көрдік. Стақанның ішіндегісін ауыстырдық. Шынымен, бірде – бір қатысушы локаматив пен вагон тіркеуіне қойылған стақанды төккен жоқ...
«Богатырь Көмір» теміржолшыларының өндіріс алаңдарын көріктендіріп, гүлзар мен көшеттерді күні бүгінге дейін күтіп, көркейтулері қуантады. Бұны да өз алдына бір дәстүр деп атауға болады. БЖКБ-ын көгалдандыру жобасы мен басшылық еткен уақытта басталып еді, сол кезде жаңа инвесторлар келген еді...
Дұрыс бағыт және жетілдіру
Александр Григорьевтің 2010 жылдан 2017 жылға дейін БЖКБ - ның өндірістік және кәсіби басқару жолын «Богатырь» кенішінің «Степная» станциясының депо бастығы Лев Михайлович Прокопьев анықтап берді. Александр Михайлович 1975 жылы Кеңес әскерінің құрамында Отан алдындағы борыныш атқарып келген соң, жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарь болып жұмысқа орналасты. Сол кезден бастап, еңбек жолында талай кәсіби – теміржолшылар кездесті, әрине олардың барлығы жұмысында көмекші, сенімді тәлімгер бола білді. Бұлар: Владимир Семенович Литвиненко, Геннадий Николаевич Ашихмин, Анатолий Семенович Козулин, Михаил Иванович Москвин, Алексей Сергеевич Гуторов, Геннадий Николаевич Угаркин, Еркен Жунусович Рахмангулов, Игорь Петрович Журавлев, Александр Николаевич Голод, Иван Петрович Суседкин, Николай Демьянович Кастрицкий, Василий Михайлович Игумнов, Геннадий Григорьевич Зайцев және тағы басқалары. Барлығын тізіп өту үшін газет беті жетпесі анық – деп Александр Михайлович атап өтті. БЖКБ – ын басқарушылар туралы аса үлкен сыйластықпен айтады.
- Богомяков Михаил Петрович пен Ересько Леонид Сергеевич дұрыс бағыт бастап, кәсіпорынның ары қарай дамуына мықты негіз қалап кетті,-дейді Александр Михайлович.
Владимир Витальевич Колесников, Артур Вагидович Хачатурян және менің үлесіме осы алынған бағытта қарқынды жұмыс жасап, алдымыздағы басшылардың жасаған еңбектері мен жетістіктерін дамыту бұйырды . Күні бүгінде кәсіпорынды жаңа буын басқаруда. Агыбай Казкенович ПокатаевБогатырь ЖКБ-ын 2017 жылдан бастап басқарып келеді. Агыбай Казкенович жақсы өндірістік мектептен өтті, жол жөндеушіден бастап, қызмет мансабының барлық кезеңдерінен өтіп шықты. Ол басқарған бөлімшелер үнемі үздіктердің қатарында болатын. Азат Бакытжанович Кабдрашитов – бас инженер, алға ұмтылғыш, қайратты, шығармашыл, өзінен үлкен үміт күттіретін жандардың бірі. Кәсіпорын – сенімді қолда деп нық айта аламын...
Темір алтын
Бүгінгі таңда Богатырь жүк-көлік басқармасы жақсы техникалық жабдықтандырылған, өз өндірісіне сандық технология мен халықаралық тәжірбиені енгізуде. 2012 жылдан бастап өндірістік үрдістерді жетілдіру мақсатында «РУСАЛ өндірістік жүйе» және Lean Six Sigma сияқты тиімді басқарма тәжірбиелері қолданылуда. 2014 жылдың қараша айынан бастап, «Богатырь Көмір» BPS (Bogatyr Production System) өзінің жеке тауарлық белгісіне патент алды. Богатырь ЖКБ аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруда белсенді ат салысуда.
Алайда басқарма директоры Ағыбай Покатаевтің айтуы бойынша, БЖКБ-ның дамуын қамтамасыз етуде негізгі күш ол – адамдар, олардың кәсібилігі, жетістіктері мен жеңістері.
- Темір алтын деп біз 2000 тарта адам жұмыс жасайтын өз ұжымымызды атаймыз. Оның 1200 әр түрлі марапат пен дәрежеге ие. Біздің бес теміржолшымыз Құрметті кенші, отыз төрті – көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері, екеуі – көмір кәсіпорының Құрметті механизаторлары, тоқсан төрті – «Шахтер даңқы» белгісінің кавалерлері. Ерекше атап өтетін, БЖКБ-ның еңбек әулеттері бар, атап өтсек, Копнов, Новиков, Султановтар, Турсынбаев, Мыңбаев, Хасаев, Рожок, Коноваловтар әулеті.
Біздің қызметкерлер тек қана өндірістен де басқа салада жетістікке жетуде. Теміржолшылар арасында спортшылар да бар. Олардың аттары «Богатырь Көмір» шеңберінде ғана емес, республикаға аты шыққан. Олар футболист, әлем чемпионы, спорт шебері Мурат Ахметшарипов, ауыратлет, армресслинг бойынша спорт шебері Алексей Сазанов, шахматшы Сергей орехов, туризм бойынша команда көшбасшысы Юрий Воробьев, спорт зейнеткері Елена Нападовская және тағы басқалары.
Он саусақтан өнері тамған Нурмахан Байбешов, Руслан Мусин, Азамат Оздоев сияқты әнші, музыканттарымыз, Юрий Лысенко, Анар Шайбеков, Кайыргельды Даирбаев сынды суретшілеріміз де бар, сонымен қатар «Богатырь балықшылары» атты қыстық балық аулаудан жыл сайын жеңімпаздарымыз бар.
БЖКБ-нда тәлімгерлікті қолға алнып, КТМ -18 өз қол астына алып, әр кез демеулік көрсетіп, түлектерін қолдауда. Қалалық әлеуметтік, қайырымдылықтарға қатысып, Наурыз, Жаңа жыл мейрамдарында өз ардагерлеріне құрмет көрсетуде.
Богатырь жүк-көлік басқармасының жетістігі – ол барша жұмыскерлерінің жетістігі. Бүгін барлық қызметкерлерді басқарма мерейтойымен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, қызметте жаңа табыстарға жетулеріңізге тілектеспін.
Сұхбаттасқан Марина ПОНКРАТОВА
Фотосурет басқарма және сұхбат бергендердің мұрағатынан.