Кеншілер алдында есеп берді
29.01.2019
Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есебімен «Богатырь Көмір» кәсіпорнында болды.
Жергілікті әкімшілік басшысы кездесудің басында бас директор Николай Корсаковты тағайындалуымен құттықтады, оған жаңа лауазымда жемісті еңбек етуді тіледі.
«Богатырь» кенішінің әлеуметтік тұрмыстық кешеніне (ӘТК) жиналғандар Екібастұз полиция қызметінің жұмысы туралы баяндаманы тыңдады және жергілікті әкімшіліктің 2018 жылғы жұмыс қорытындысы туралы білді.
Есеп тыңдалған соң кеншілер мемлекеттік билік органдарының өкілдеріне бір қатар сұрақтар қойды. Негізінде олар абаттандыру мен коммуналдық салаға қатысты болды. Сұрақтар әрі қарай қарастырып, шешім қабылдау үшін хаттамаға енгізілді.
Марина ПОНКРАТОВА
Суретке түсірген Олег МАЛЬЧУК.