Кәдеге жарату кеңейтілді
24.01.2019
"Богатырь Көмір" компаниясы «Промотход Казахстан» ЖШС-на өндірістік қалдықтардың алғашқы партиясын берді.
Жылдың басында «Богатырь Көмір» басшылығы қалдықтарды жинақтаумен, тасымалдаумен және кәдеге жаратумен айналысатын «Промотход Казахстан» қарағандылық кәсіпорнымен пайдаланылған металл бөшкелерді шығаруға шарт жасасты. Сол себепті көмір шығарушы компания экологиялық саясатты іске асыруды жалғастыра отырып өз қалдықтарын кәдеге жаратуды кеңейтті. Бүгінгі күні тапсыратын қалдықтардың көлемі 9,14 тоннаны құрады. «Промотход Казахстан» жоспары бойынша металл ыдыстардың бір бөлігі түзетіліп, өңделген соң қайтадан пайдаланылады, ал қалғаны қайта өңдеуге жіберіледі. Кеншілер кәдеге жаратудан түскен қаражатты өндірістік қажеттеріне жұмсайды.
Марина ПОНКРАТОВА
Сурет «Богатырь Көмір» компаниясы техникалық дирекциясының мұрағатынан алынды.