Тұрғын үй алу мүмкіндігі

17.01.2019

«Богатырь Комир» компаниясының қызметкерлері "7-20-25" ипотекалық ниесие бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу мүмкіндігі бар.  

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуіндегі  «Әр отбасы үшін тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндіктерін берілуін» жүзеге асыру мақсатында ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен «"7-20-25" ипотекалық ниесие бағдарламасы», ««Әр отбасы үшін тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бағдарламалары бекітілді.

Аталмыш бағдарлама негізінде күні бүгінде Екібастұз қаласында Энергетик көшесі 66,68 және 70-ші тұрғын үйлерінде 21 бір бөлмелі  (43,3-44,6 ш.м.), 36 екі бөлмелі (50,4-53,2 ш.м.) және 12 үш бөлмелі (69,1-75,0 ш.м.) пәтер әзір. Тұрғын үйдің 1 ш.м. 100 мың теңгені құрайды.

Толық ақпаратты Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің келесі телефон нөмірлері бойынша біле аласыз:  34-74-70 және +77763408237.

 

«Богатырь Көмір» компаниясының  баспасөз қызметі Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің ақпараты бойынша.

Фотосурет ашық ғаламтор көздерінен алынған.

Жаңалықтар тізіміне оралу