Ойдағыдай аяқтады

28.12.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының спортшылары осы жылды лайықты сыйақымен және ондаған медальдің жарқылымен ойдағыдай шығарып салуда.  

Биылғы жыл былтырғы жылмен салыстырғанда әртүрлі деңгейдегі көптеген іс-шаралармен ерекшеленді, атап айтсақ былтыр 120 іс-шара болса, биыл 145-ке артты. Жеңістер мен жүлделі орындар да көп болды. Ең үлкен жетістік «Самрук-энерго» АҚ компаниясы тобының бесінші спартакиадасындағы Астанадан әкелінген кезекті Кубок пен Екібастұздың сегіз ірі кәсіпорнының арасындағы спорттың он бес түрі бойынша сегізінші қалалық спартакиададан алынған лайықты бірінші орын болды.

Жылсайын «Богатырь Көмір» басшылығы Жаңа жылдың қарсаңында ең белсенді салауатты өмір салтын ұстанушыларды спорттық жетістіктері үшін грамоталармен және сыйақылармен марапаттайды. Биылғы жылы 27 спортшы-кенші марапатталды. Олардың ішінде қысқы көпсайыс пен жүзу бойынша жарыстардың шаңғы жарысы бойынша ҚР чемпионатының жүлдегері, дүркін-дүркін жеңімпаз Сара Прокофьева, бірнеше дүркін жеңімпаз және қол күресі бойынша облыстық жарыстардың жүлдегері, спорт шеберлігіне үміткер Алексей Сазонов, «Богатырь» командасының құрамындағы ардагерлер арасында шағын-футбол және футбол бойынша қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері Константин Кузьменко, үстел теннисі бойынша «Самрук-Энерго» АҚ-ның бесінші спартакиадасының жеңімпазы, баскетбол бойынша қалалық спартакиаданың жеңімпазы Екатерина Ережепова және тағы басқалар болды.

Бүгінгі күні компания жұмыскерлерінің көбі «Богатырь Көмір» спорт-сауықтыру кешенінің (ССК) базасында спорттың жиырма бес түрімен шұғылданады. ССК бастығы Валентина Титаренконың айтуынша жыл сайын олардың саны өсуде – жасалған жағдай мен кәсіпорын жұмыскерлерінің алға қойған мақсаттарға жетуге деген армандары бұған қолдау көрсетеді.

Марина ПОНКРАТОВА 

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу