Дебюттік гастрольдер

14.12.2018

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша топтың оқушылары Тәуелсіздік Күніне арналған вокалды концерттік бағдарламамен алғашқы рет Төртқұдық ауылына гастрольдік сапармен барды.

Іс-шара «Богатырь Көмір» компаниясы басшылығының қолдауымен, мемлекеттік тілді үйрену бойынша топ басшысы Манар Ерботинаның бастамасымен өтті. Концерттік бағдарламаға кәсіпорынның қазақ тілін үйреніп жүрген 11 қызметкері қатысты. Олар қазақ тілінің мұғалімі Жәмилә Абилованың көмегімен патриоттық тақырыптағы қазақ әндерін шырқады. Ауылдық көрермендер кеншілерді қошаметпен қарсы алды. Олар концерттен тамаша әсер мен мерекенің алдында оң эмоциялар алды. 

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет «Богатырь Көмір» компаниясының мемлекеттік тілді үйрену бойынша тобының мұрағатынан алынды. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу