Қамқорлыққа алынған мектептің мерейтойы

02.11.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы мен кәсіподақ комитеті №7 мектеп-лицейді алтын мерей       тойымен құттықтады.

Мерекелік концерт музыкалық мектепте өтті. Бұнда салтанат иесінің елу жылдық құрметіне көптеген қонақтар жиналып, оның педагогикалық ұжымына жаңа жетістіктер мен табыстар тіледі. Құрметті қонақтардың ішінде «Богатырь Көмір» жергілікті кәсіподақ төрағасының орынбасары Сергей Михайлюк болды. Ол «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы атынан мектеп директоры Алма Нұрғалиеваны құттықтады және бейнекамера мен 300 мың теңгенің сертификатын табыстады.

7 мектептің көмір шығарушы кәсіпорынмен серіктестігі 48 жыл бұрын «Богатырь» кеніші құрылған күннен басталған. Сол кезден бастап шахтерлар қамқорлыққа алған сыныптарымен тығыз қарым-қатынас жасауда. Олар балалар үшін әртүрлі спорт-ойын-сауық іс-шараларын өткізуде, қайырымдылық акцияларға қатыса отырып олардың мектепке жиналуына көмектеседі және әрі қарай тау-кен мамандықтарына оқыту мен «Богатырь Көмір» компаниясына жұмысқа орналастыру мақсатында мектеп бітірушілермен кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізеді.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу