Сенбілікке шықты

08.10.2018

Өткен сенбіде «Богатырь Көмір» компаниясының 250 жуық қызметкері қарауындағы аумақты жинады.

Кеншілердің күшімен санитарлық тәртіпке келтіру бойынша жұмыстар Қонаев көшесі, Пішенбаев көшесінен «Проммашкомплект» ЖШС және олардың аумақтарына іргелес жерлерге дейін қызу жүріп жатты. Кәсіпорын жұмыскерлері ағаштардың төменгі жағындағы қурап қалған жерлерін шапты, көшені тұрмыстық қоқыстан тазартты және түскен жапырақтарды жинастырды. Әлеуметтік даму басқармасының қызметкерлері екібастұз мешітінің жанындағы орындықтар мен қоқысқа арналған сауыттарды сырлады.

Кеншілермен атқарылған жұмыстың арқасында қала 47 м3 өсімдік қоқысы мен тұрмыстық қалдықтан тазартылды.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу