Жаңа нәтижелер
04.10.2018
«Богатырь Көмір» компаниясында өткен спорттық апта өте қызықты және жаңа жетістіктерге және рекордтарға бай болды.
29-30 қыркүйекте компанияның спорт-сауықтыру кешенінде және ТКЖЖ зауытының спортзалында Амангелді Мұстафинді еске алуға арналған үстел теннисі бойынша ашық дәстүрлі жеке-командалық турнир өткізілді.
39 жасқа дейінгі ерлер арасында жеке біріншілікте бірінші орын Ернұр Бекболатовқа, екінші Бауыржан Қасеновке, үшінші Рустам Ахметовке берілді. 40 жастан 55 жасқа дейінгі жастық санаттағы теннисшілерде Мади Такабаев бірінші болды, Максим Литвиненко екінші көрсеткішті көрсетті, ал Сергей Тищенко үшінші болды. 56-65 жастағы спортшылар арасында құрмет тұғырын Василий Маило (бірінші орын), Илсур Ахметов (екінші орын), Анатолий Ваганов (үшінші орын) бөлісті.
65 жастан асатын теннисшілер келесі көрсеткіштерге жетті: бірінші орын – Қуаныш Мұқашев, екінші орын – Мұхамедғали Жайлауов, үшінші орын – Александр Зеленукин.
30 жасқа дейінгі жастық санаттағы әйелдер арасындағы жеке біріншілікте Камила Ташева чемпион атанды, «күміс» Самал Дүйсенбаеваға берілді, «қола» Айжарық Хуанганға бұйырды. 30 жастан асатын спортшыларда тұғырды Светлана Курдюкова басқарды, Екатерина Ережепова – екінші, Әсел Бейсеқұлова – үшінші.
Командалық біріншілікте келесі командалар жүлдегер атанды: «Энергетик» (бірінші орын, капитан М.Тақабаев), «Экибастуз» (екінші орын, капитан Р.Ахметов).
Ардагерлер арасында 30 қыркүйекте футбол бойынша болған қалалық чемпионаттың кезекті турында біздің «Богатырь» құрамасы 4:1 есебімен «НУР» командасын жеңді, ал 3 қазанда «КТЖ» футболшыларын 6:2 есебімен басып озып, екінші орынмен қамтамасыз етті. Ақтық нәтиже чемпионат аяқталған соң белгілі болады.
«Богатырлықтардың» қатысуымен таяудағы ойын Ақсу қаласында АЖБ кәсіподақ ұйымының жүлдесіне 5-нен 7 қазан аралығында ардагерлер арасында шағын-футбол бойынша ашық турнирде өтеді.
Футболшыларға сәттілік тілейік!
Марина ПОНКРАТОВА
Спорттық жарысқа қатысушылардың суреті.