Конкурс жалғасуда
03.10.2018
«Еңбек жолы» республикалық конкурсты ұйымдастырушылар оның екінші кезеңінің басталғаны туралы хабарлайды.
Республикалық деңгейде өткен дауыс беруде ең көп дауыс жинаған біздің әріптесіміз Ерлан Әубәкіров Павлодар облысының намысын қорғайды. Соңғы дауыс беру бүгін ҚР еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарияланған. «Богатырлық» қатысушыға 20 қазанған дейін IP-мекенжайдан бір дауыс есебінен келесі сілтеме бойынша дауыс беруге болады: http://www.enbek.gov.kz/ru/node/352058. Жеңімпаздарды марапаттау 26 қазанға жоспарланған.
Біздің конкурсқа қатысушыға қолдау көрсетейік!
Марина ПОНКРАТОВА
Сурет Ерлан Әубәкіровтің жеке мұрағатынан алынды.
Аанықтама:
Жергілікті кадрлар ұстасы - №18 Екібастұз кәсіби мектебінің түлегі Ерлан Мағзамұлы өз еңбек қызметін «Богатырь Көмір» ЖШС-да қатардағы жөндеуші слесарь болып бастады, ол компанияда жұмыс істеген уақытында жоғарысыныпты маман – көлік қызметкері болды. Бүгін ол технологиялық көлік Басқармасының №2 тракторлық-бульдозерлік учаскесінде механик болып жұмыс істейді. Тәлімгерлік майданындағы еңбегіне лайық келесі номинациялар бойынша наградталды: «Жұмысшы мамандығын үздік насихаттау» (2012 ж.), «Теориялық оқытудан үздік нұсқаушы» (2013 ж.), «Үздік тәлімгер» (2015 ж.), «Үздік оқытушы» (2017 ж.). Ерлан Мағзамұлының еңбек ерлігі жоғары бағаға лайықты болды – 2015 жылы ол 3-дәрежелі «Шахтер Даңқы» құрметті белгісімен марапатталды.