«Богатырлық» "Тимуршылар"
03.10.2018
«Богатырь Көмір» компаниясының әлеуметтік даму басқармасы біріккен жастар қозғалысының және кәсіпорынның бас энергетик қызметінің белсенді қолдауымен тұрмыс мәселесін шешу жоспарында нашар көретін адамдарға көмек көрсетуде.
Алдымен «богатырлық» «тимуршылар» Бауыржан Нұржановқа барды. Кеншілер оған жаңа сантехника сатып алып, құрып берді. Ескісін шұғыл ауыстыру керек болды, сондықтан көзінен зардап шегетін адамға уақытында орынды көмек көрсетілді. «Қайырымдылық десантының» алдында тұрмыстық мәселелерді шешуге қатысты тағы 30 іс тұр. Оны олар алдағы айда орындаулары қажет.
Марина ПОНКРАТОВА
Сурет «Богатырь Көмір» компаниясының әлеуметтік даму басқармасының мұрағатынан алынды.