Бір-бірінен күш жинады
28.09.2018
«Богатырь Көмір» компаниясының әлеуметтік даму басқармасы біріккен жастар қозғалысының белсенділерімен бірге Павлодар облысының ең көркем жері – Баянауыл ұлттық саябағында Республиканың бұрыш-бұрышынан келген «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы тобының еншілес кәсіпорындарының жас мамандарын қарсы алды. Жасыбай көлінің жағасындағы «Березка» демалыс үйінде кеншілер өздерінің алыстағы әріптестері үшін тимбилдинг ұйымдастырды.
Сапардың бірінші күні «АЖК» АҚ, «Алматы электр станциясы» АҚ, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Бірінші жел электрстанциясы» ЖШС және «EnergySolutionsCenter» ЖШС қызметкерлері «Богатырь» кенішінің көру алаңында барып, топпен селфи жасады.
Саяхатшылар Баянауылға барар жолда бұлаққа тоқтады. Олар табиғи сумен қанығып, алтыбақан теуіп, тілек ағашына кескіндер ілді.
Баянауыл топты күзгі хош иісімен, орман мен тауларына құшақ жая қарсы алды. Табиғат әсемдігіне таңғалған олар романтикалық атмосфераға оранды және кешкі алау қасында ән салып, би биледі.
Тимбилдингке қатысушылардың келесі күні футбол алаңында жаттығумен басталды және қазына жасырылған орын көрсетілген картаның бір бөлігін іздеумен жалғасты. Олар 5 командаға бөлініп, ат ойлап тапты және жалау салды, олардың әрқайсысы жасырын фрагменттерді тапты. Конкурса қатысушыларға өздерінің білгірліктерін, фантазияларын, шапшаңдықтарын және командада жұмыс істеулерін көрсетуге тура келді. Мақсатқа жеткізер жолда олар команда капитанын ұстап алатын жіптен тор тоқыды, катамаранмен суда жүзді, қолда бар материалдардан билейтін робот жасады, кедергілер жолағынан өтті және ағашқа өрмеледі.
Команда қазынаны тапты. Ол әртүрлі қосалқы бөлшектер екен – сымдар, ажыратқыштар мен реле. Балалар одан отшашу жағатындай сызба жасады. Кешкісінде тимбилдингке қатысушылар алаудың жан-жағына жиналып, ұйымдастырушыларға сурет түрінде алғыстарын білдірді. Тимбилдингтің финалында «АЖК» АҚ мен «АлЭС» АҚ қызметкерлеріне символикалық эстафеталық кубок берілді, келесі жылы Алматыда осындай іс-шарада кездесетін болды.
Қонақтар Баянауылдағы соңғы күні атақты Қоңыр Әулие үңгіріне, Кемпіртасқа, Мыстан шатқалына және Жасыбай батырдың зиратына барды. «Богатырлық» ұйымдастырушылар басқа кәсіпорынның еңбек жастарымен тіл табысты, одан әрі қарым-қатынастың берік іргетасын құя отырып, өзара достасты.
Марина ПОНКРАТОВА
Суретті түсірген Юрий ГАНДРАБУРА.