Тілге деген жанашырлығы үшін
10.09.2018
Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Богатырь Көмір» компаниясының мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі топ басшысы Манар Ерботинаны алғыс хатпен марапаттады.
Біздің әріптесіміз бұл іскерлік хатты Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған фестивальда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан баға жетпес үлесі мен «Сауатты жарнама – қала көркі» қалалық акциясына қатысқаны үшін Қазақ СРО білім үздігі, қаланың құрметті азаматы, педагогикалық еңбек ардагері Жеңіс Мейірманның қолынан алды. Акция мамыр-маусым айларында өтті және көшедегі көрнекілік жарнамалар мен маңдайшалардың қателерін табуға бағытталған болатын. Манар Ерботина осыны қолдай отырып, өзінің белсенді өмірлік ұстанымын, қырағылығы мен сауаттылығын көрсетті.
Марина ПОНКРАТОВА
Суретті түсірген Рымбек.