ФЕСТИВАЛЬҒА ҚАТЫСТЫ
06.08.2018
«Богатырь Көмір» компаниясының жастар белсенділері Павлодар қаласында өткен «Ұлы Дала» этнофетиваліне қонақ ретінде қатысып келді. Іс- шара Бұхар жыраудың 350 жылдығы, Мұса Шорманұлының 160 жылдығы, М.Ж.Көпеевтің 150 жылдығы, Естай Беркимбаевтің 150 жылдығы және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналып өтті.
Мәдениет жанашырларын жинаған биылғы жылғы екінші халықаралық этнофестивальға ұлттық музыканың ең үздік композиторлары мен орындаушылары қатысып, дәстүрлі түрде жылда өткізілетін болды. Әсіресе, облыстық орталық «Ертіс променад» сахнасында халық ақыны Естай Беркимбаевтің бұрын соңды жұрт назарына белгілі емес шығармалары орындалды.
«Ұлы Дала» Этнофестивалі Қазақстан Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірегей іс- шара болып табылды.
Марина ПОНКРАТОВА