Кәсіпкерлермен кездесті
03.08.2018
"Богатырь Көмір" компаниясының басшылығы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесіне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың қағидалары мен механизмдерін іске асыру бойынша кәсіпкерлермен және кәсіпорынның контрагенттерімен кездесті. Кәсіпкерлер кездесудің тақырыбына қатысты өз ұсыныстарын айтты, бірқатар жеке проблемалық сұрақтар қойды және оларға толық жауаптар алды.
Қазіргі уақытта барлық сатып алулар ИСЭЗ-2 жүйесінде жүргізіледі.
ИСЭЗ - 2 – Сатып алулардың ақпараттық жүйесі сатып алу үдерісінің жариялылығы мен айқындығы, сатып алуларға арналған ақшаның оңтайлы және тиімді жұмсалуы, сапалы тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алу үшін, сондай-ақ әлеуетті жеткізушілер арасында адал бәсекелестік үшін және холдингтің тізімінде тұрған мүгедектер (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар – мүгедектер) ұйымына қолдау көрсеткен кезде сатып алулар үдерісіне қатысу үшін барлық әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер беру үшін енгізілген.
Өткізілетін сатып алулар туралы ақпарат «Самұрық-Қазынаның» сатып алулар порталына орналастырылған: https://zakup.sk.kz. Жақын уақыттан бері «Самұрық-Қазына» басқармасының шешімі бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жеткізушілері біліктілік таңдаудан өту қажеттілігінен босатылған. Басты шарты – жеткізілетін тауар сапалы болып, уақытында жеткізілуі қажет.
«Богатырь Көмір» кәсіпорнында ИСЭЗ-2 қызмет ете бастағаннан бері бірнеше мың сатып алу жүргізілді. Бірақ «Богатырь Көмір» басшылығы өндірісті сандық жүйеге көшіру арқылы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді әлеуетті жеткізушілерді толығымен қамтуды мақсат етеді. Көмір шығарушы компанияның бас директоры Рустам Сансызбаевтың айтуынша кәсіпкерлермен осындай кездесулер өткізу қажет. Бұл пікірді осы кездесуге төралқа мүшесі ретінде қатысқан Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Екібастұз филиалының директоры Медиат Мұсанап қолдады. Ол таяуда екібастұздық және павлодарлық бизнес-қоғамдастығының өкілдерін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа өңірлерінің кәсіпкерлерін жинайтын брифинг ұйымдастыруды ұсынды.
Марина ПОНКРАТОВА
Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.