Жаңару жалғасуда
22.06.2018
«Богатырь Көмір» компаниясы техникалық паркті жаңартуын жалғастыруда. Бұл жолы теміржол техникасы 10 бірлік думпкармен толықты.
Украинаның Кривой Рог қаласындағы «Горнотранспортная компания» ЖШҚ-ның өндірісінен шыққан 2ВС-105 өзі аударғыш вагондардың жақында келіп жеткен бірінші топтамасы аптаның басында қолданысқа беріледі. Екінші топтамасы да он бірлікте осы жылдың шілде айында келеді деп күтілуде. Аталмыш думпкарлар «Богатырь» және «Северный» кенішінде көмір қорын ашу үшін селекция және тау жыныстарын аршу тасымалының көлемін ұлғайтуға пайдаланылады. Техника «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 2018-2023жж. даму жоспарына сәйкес сатып алынды. Шығын 1 млн. 330 мың долларды құрады.
Жазба Марина ПОНКРАТОВАНІКІ
Фотосурет "Богатырь Көмір"ЖШС-нің баспасөз қызметінен.