«Богатырь Көмір» ЖШС-іне жаңа бас директор тағайындалды

07.03.2018

Көмір шығаратын компанияда басшылықтың ауысуы туралы шешім ЖШС-нің жалғыз қатысушысымен қабылданды.

 «Forum Muider B.V» компаниясының  жалғыз қатысушысы «Богатырь Көмір» ЖШС  шешімімен «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры болып Рустам Сансызбаев қабылданды. Кәсіпорын ұжымына жаңа басшыны «Самұрық-Энерго» АҚ басқармасының төрағасы Алмасадам Сатқалиев таныстырды. Кездесу барысында, ол Мұрат Абдығұлов  басқарған көмір шығаратын кәсіпорын жұмысында оң өзгерістерді атап өтті де, оны компания басшылығы лауазымындағы жұмысы үшін алғысын білдірді.

Рустам Сансызбаевтің жоғары техникалық білімі бар: Х.Дулати атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін «мұнай және агз кен орындарын қазып шығару» мамандығы бойынша бітірді. Мұнайгазды сектордың өндірістік компанияларындағы жұмыста бай тәжірибесі бар.

«Богатырь Көмір» ЖШС үлесіне Қазақстан Республикасындағы энергетикалық көмірді шығарудың жалпы көлемінен 40 пайызға жуығы тиесілі. 2017 жылы көмір шығару және сату 40 млн.тоннаға өсті, ал бұл белгіленген жоспардан 19 пайызға жоғары. Ақпан соңында Мәскеуде ЦТТ (циклдік-толассыз технологияның) жобасын қаржыландыру туралы Евразиялық даму банкісімен кредиттік келісімге қол қойылды. Жобаны іске асыру шығару қуаттылығын 50 млн.тоннаға дейін өсіреді, өзіндік құнын төмендетеді және өнім сапасын арттырады, сонымен қатар қоршаған ортаға әсерін азайтады. 

Жаңалықтар тізіміне оралу