Әйелдер күні

12.03.2018

Біздің кейіпкеріміз Қымбат Құрманғалиеваны  Леонид Гайдайдың «Кавказ тұтқыны, немесе Шуриктің жаңа оқиғалары» кеңестік кинокомедиясындағы «Студент, комсомол, спортшы, ол тіпті – сұлу бикеш!» атты қанатты фразасындағыдай сипаттауға болады. Ол әрине студент емес, бірақ үшінші жоғары білімді алуы мүмкін, спорттан гөрі биді артық көрді, 25 жасында көптеген нәрсеге қол жеткізді. Сонымен қатар көмір шығарушы кәсіпорындарда өзінің лайықты қолданысын табуы мүмкін ғылыми әзірлемеге авторлас болып үлгерді.

- Мен мектепте де бір орында отырмайтынмын, - деп еске алады Қымбат, - мен үнемі қандай да бір конкурстарға қатысып орындар алатынмын, үнемі оқып-үйрену үстінде болдым. Бұның бәрі ата-анамның арқасы. Олар менің бастамаларыма әрдайым көмектесетін. Мектеп пәндерінің ішінен нақты ғылымдар ұнайтын: физика, матерматика – физикалық-математикалық бейімі бар сыныпта оқыдым. Сондықтан мен маркшейдердің кім екенін білгенде дереу сондай болғым келді.

Екібастұздың 18-мектебінің түлегі ЕИТИ-ға «Тау-кен ісі» мамандығына «Маркшейдерлік іс» кәсіби бойынша оқуға түсті. Бакалавриатты үздік бітірген ол «Богатырь Көмір» ЖШС-нің техникалық дирекциясының өндірісті дамыту жөніндегі қызметіне жобалардың әзірленуін ұйымдастыру бөліміне инженер болып тұрды. Сол кезде маркшейдерлік лауазымға орын жоқ еді.

- Көмір кәсіпорнына жұмысқа тұрар алдында мен екі рет техникалық дирекцияның маркшейдерлік қызметінде өндірістік тәжірибеден өттім.  Менің тәлімгерім аға маркшейдер Надежда Евгеньевна Дюконы ризашылықпен еске аламын. Сол ғана маған тәжірибесіз парктикантқа қымбат аспаптарды сеніп тапсырды. Ол маған техникалық тілді қолдана отырып барлығын анық түсіндіріп беретін. Екінші тәжірибеде маған Иконникова Татьяна Федоровна мен Дяхтеренко Евгений Михайловичпен қызмет ету бақыты бұйырды. Жұмысқа орналасқан соң маған тәжірибе жинақтауға Ғалымбек Елубайұлы Иргебаевтың және бөлім бастығы Андрей Александрович Ястремскийдің көмегі зор болды.

Бір жылдан кейін компанияның жас маманы Қымбат Құрманғалиева тағы студент атанды. Бұл жолы қашықтықтан оқыды. Былтырғы жылғы күздің аяғында Батыс Сібірдегі ең ірі жоғары оқулардың бірі Т.Ф.Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университетінің (КузМТУ) «Техносфералық қауіпсіздік» мамандығы бойынша аяқтады.

Бұнымен қыздың ғылыми қызметі аяқталған жоқ. Ол ЕИТИ ғалымдарымен авторлас болып инновациялық жобаларды әзірлеумен айналыса бастады. Қымбат үшін бұл іс таныс. Ол жұмыс істейтін бөлім жобалық ұйымдармен серіктесе отырып кәсіпорында іске асырылатын жобалық жұмыстар жоспарын қалыптастырумен айналысады. Ол әріптестерімен бірге оны сатып алудың жылдық жоспарына енгізеді, техникалық тапсырма дайындайды.

Былтырғы жылдың қарашасында техникалық ғылым кандитаты, ЕИТИ профессорлары Мейрам Жұмабекұлы мен Нұрбек Жұмабекұлы Тұрсыновтар тәлімгерлік еткен оның «Лазерлік құрылғының көмегімен тозаң тұтудың тәсілдері» атты жобасы жастар бастамасын даму орталығымен ұйымдастырылған «Жас ғалым» облыстық конкурсында 1 орынды жеңіп алды.

- Қазір бұл әлемде ұқсасы жоқ шаң тұтудың түбегейлі жаңа тәсілі, ол қазір Мәскеуде қарастырылып жатыр, - дейді сұхбаттас. – Біз онда патентке өтінім бергенбіз және қазір соның нәтижесін тосып отырмыз. Сонымен қатар ресей астанасында біздің тағы да бір жобамыз патент алуды тосып отыр. Бұл жел және күн энергеиялары үнемі әсер еткен кезде  пьезоматериалдар мен күн батареяларының көмегімен электр тоғын шығаруға арналған құрылғы.  Өнертабыстың патенттерін алу үшін КузМТУ зор қаржылық көмек көрсетті, ол маған үлкен үміт жүктеп отыр.

Өнертабыстар патенттерді және техникалық-экономикалық негіздемелерді алған сәттен бастап оларды өндірісте мақұлдап көру қажет. Қыздың айтуынша «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы бұл әзірлемелерді «қарындашта» ұстап отыр.

Қымбаттың ғылыми жетістіктері туралы ықыласпен айтқан әңгімелерін тыңдай келе оны – нағыз материалист деп айтуға болады. Бірақ іс жүзінде бұлай емес. Ол өте қиялшыл және ізденімпаз. Ол вокалмен айналысқан, Алтынай Асылмұратова (бүгінде «Нұр шашу» хореографиялық ансамблі) атындағы би өнерінің мектебінде оқыған, Николай Васильевич Разумовта степпен шұғылданған, кілем тоқу үйірмесіне қатысқан. 

- Мен осы күнге дейін ән саламын, билеймін және кілем тоқимын. Дэнс холл, тверк стиліндегі билерді өте жақсы көремін. Былтыр біздің кәсіпорында өткен «Өз жұлдызыңды жақ» конкурсында мен «Қобдиша» биімен 1 орынға ие болдым. Бейнеті көп жұмыс болса да кілем тоқығанды өте жақсы көремін. Ең үлкен кілемді тоқу 4 айға созылды.

Қазір Қымбат «Богатырь Көмір» компаниясының логотипі бар кілемді тоқуда. Мүмкін ол оны өзі жұмыс істейтін кәсіпорынның мұражайына қояр, мүмкін өз кабинетіне іліп қояр. Жастық, бастамашылдық, білімділік пен қайраттылық мансап сатысымен жоғарлауға көмектеседі.

Біздің кейіпкеріміздің кезекті жетістігі бұған дәлел. Сұхбатты дайындаған кезде «Богатырь Көмір» ЖШС техникалық дирекциясының өндірісті дамыту жөніндегі қызметінің жобалар әзірлеуді ұйымдастыру бөлімінің инженерінің лауазымы жоғарлады. Енді ол бөлімнің бас технологы. 

 

 

Елена Ведомцева өзінің 35-туған күні мерейтойлық күн ретінде ғана есте қалған жоқ. Осы күні 14 жыл бұрын тағдыр оған шынында да қымбат сыйлық жасады. Ол «Богатырь көмір» көмір шығарушы компаниясының мыңдаған ұжымының бірі болды және алғашқы рет әлемдегі ең ірі көмір кенішін көрді.

- Менің ойыма бірден туған күнімнің алғашқы жұмыс күнімен сәйкес келуі бекер емес екендігі келді. Бұл жақсы белгі, демек бәрі жақсы болады. Өндірістің ауқымы таң қалдырды. Кеніш өз инфрақұрылымдары мен құрылысы бар жеке қала сияқты, өзінің ішкі әлемімен өмір сүріп жатқандай болды. Мен кәсіпорыннан жақсы әсер алдым. Тұрақтылықты сездім.

Елена Яковлевна компанияға жұмысқа тұрғаннан бастап 14 жыл өтті. Бұл уақытта ол «Ковыльная» станциясы ЖЖМ қоймасының қомашысынан технологиялық көлік басқармасының жетекші инженеріне дейін өсті.

Қоймашының, қойма меңгерушісінің лас мазутты жұмысы, сосын коммерциялық дирекцияның ЖЖМ бөлімінің менеджері қазіргі лауазымына демеу болды. Ерлер мамандығының егжей-тегжейін үйренуге оған сол кезде орталық базаның богатырский филалын басқарған қазіргі кезде ардагер Василий Васильевич Иванчик көмектесті. Біздің кейіпкеріміз барлық технологиялық көліктің қосалқы бөлшектерін еркектерден артық ажырата білді. Елена Яковлевна қосалқы бөлшектің нөмірі бойынша оның «БелАЗдікі», немесе «Komatsu», бульдозер немесе трактордікі екендігін нақты анықтайтын. Елена Ведомцева технологиялық көлік басқармасының жабдықтау бойынша инженері болғанда өз жолын тапқанына анық көзі жетті. Өзінің негізгі мамандығы – техник-жоспаршыны ол өз отаны Целиноградта құрылыс техникумын үздік бітіре отырып алған. Сосын Есіл ауданы туған ауылы «Двуречный» совхозында 10 жыл бухгалтер болып жұмыс атқарды.

- Мен бала күнімнен есепке жүйрік болдым – деп күледі біздің сұхбаттас, - Менің үлкен әпкем мамандығы бойынша бухгалтер, ол үйге жиі шот әкелетін. Мен оларды қағуды жақсы көретінмін. Шот тастары менің сүйікті ойыншығым болды.  

Елена Яковлевна анасы қайтыс болған соң Екібастұз қаласындағы екінші туған әпкесі Татьяна Яковлевна Скобееваға көшіп келді, ол да 35 жыл еңбегін «Богатырь Көмір» компаниясымен байланыстарған болатын. Алдыңғы жылы «Богатырь Көмір» ЖШС жөндеу жөніндегі дирекциясының бас технологын зейнетке шығарып салды.

Елена Ведомцеваның отбасы көмір өнеркәсібінің еңбек әулетінің өкілі болып табылады. Оның жолдасы Ведомцев Игорь Васильевич БЖКБ-да авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі, қызы Марина Данибаева – «Южная» станциясының автобаза диспетчері, жиені Виталий Ведутов ТКЖЖ зауытында слесарь болып еңбек етуде, оның жұбайы Ольга Гиллер аталмыш зауыттың экскаваторлық цехында жұмыс бөлуші.

Кейіпкеріміздің айтуынша бұл да жақсы белгі. Отбасында өмір туралы, жұмыс туралы әңгіме болса – бұндай отбасы мықты да бақытты болады. 

 

 

Екібастұздық атақты параолимпиадалық спортшы, ондаған медаль мен атақ иегері Сара Прокофьева Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың арасында Алматы қаласында өткен шаңғымен сырғанау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатынан кезекті жеңіспен оралды. Енді ол спорттың осы түрі бойынша республиканың сегіз дүркін чемпионы.

800 метрлік қашықтықта алынған алтын медальдің арқасында спортшы шаңғы жарыстарынан былтырғы жылы алған спорт шебері атағын растады. Спортшы бірінші орыннан басқа 600 метрлік қашықтықта күміс медальді жеңіп алды.

Биік таулы Алатауға бейімделу қиындығы мен толассыз жауған жаңбыр көз жанарынан үшінші топ мүгедегі, 55 жастағы Сара Прокофьеваға 18-20 жастағы қарсыластарын озып кетуге бөгет бола алмады. Алматылық, қарағандылық, қостанайлық, ақмолалық, шығыс-қазақстандық және павлодарлық спортшылар арасында ол үздік нәтижелерге қол жеткізді және жас ерекшелігі мен шектеулі мүмкіндіктердің табыс жолында кедергі емес екендігін дәлелдеді.

Отанында спортшы үшін оның отбасы – жолдасы Сергей, қызы Галина мен екі ұлы Ринат пен Всеволод жанкүйер болды. Сара Шарипова әсіресе өзінің ерекше алғысын әріптестеріне – «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы мен жұмыскерлеріне білдірді, ол онда мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның аясында жылу пунктінің операторы болып еңбек етеді.

- «Богатырь» кенішінің директоры Ибрагим Ердаулетұлы Досмұхамбетовке, оның көмекшісі Анвар Тұрсынқызы Цареваға, «Богатырь» спорткешенінің директоры Валентина Викторовна Титаренкоға және өзімнің тікелей бастығым Евгения Анатольевна Жарковаға зор алғысымды білдіремін. Мен осы адамдардың арқасында әртүрлі спорттық жарыстарға қатысып жоғары нәтижелерге қол жеткіздім. 

«Нұр Отан» партиясына мүшелік етуді қатар атқарып жүрген спортшыны 2019 жылдың параолимпиадасы аясында жеңіл атлетика бойынша жарыстарға дайындықтар күтіп тұр. Оған табыс тілейік! 

 

 

Одан аспазшы да, тігінші де шықпады. Бірақ ол өзінің бала күнгі қиялындағы  мамандықты үздік игерді. Галина Терентенко міне 30 жыл бойы «Богатырь Көмір» кәсіпорнында теміржол көлігінің қозғалысына бақылау жасауды жүзеге асыруда. Оның 11 жылы ол Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасының «Богатырская» станциясында поезд диспетчері болып жұмыс атқаруда.

Айқай-шу, дауыс зорайтқыш байланыс аясындағы үнемі қозғалыс, үш рация – бұл көмір компаниясының теміржолындағы диспетчердің үйреншікті жұмыс ортасы. Оған қоса салмақ мөлшерлегіштегі 7-8 локомотив және бір-бірінің қозғалысына бөгет келтірмейтіндей жиырма қабылдап-жөнелту жолына ойласымды орналастыруды қажет ететін жол техникасы тағы бар.

- Жұмысымыз зор ықыласты, жақсы есте сақтауды және пульті басқарғанда шапшаң реакцияны талап ететін шулы және өте дүбірлі. Уақытында бағытты дайындап пойызға бағдаршамды ашу қажет.  Пойыз қозғалыстарын бақылау – бұл оңай іс емес.

Галина Алексеевна теміржолшының еңбек күндерімен танысуы 87 жылда басталды. Ол онда Екібастұз тау-кен техникумының 3 курс студенті және кәсіпорында жартыжылдық тәжірибе алуда бола отырып алғашқы рет өзін «Южная» станциясының орталықтандыру орнында оператор рөлінде байқап көрді. Бұл оның маңызды іске бірінші қатысудан өткен алғашқы жұмыс орны болды.

- Сол жерде пойыз диспетчері болып менің тәтем Галина Максимовна еңбек етті, ол маған мамандықты игеруге барынша көмек көрсетті. Әлі есімде, станцияда өрт болып жабдықтар істен шықты. Барлық ауысым аяқтан тік тұрып, әр пойызға бағытты дайындаған кезде пультпен емес қолмен нұсқарды бұрып тұрды.

Галина Терентенко техникумды аяқтаған соң тарату бойынша Өзбекстанның Ташкент облысындағы Ангренский көмір кенішіне тап болды. Жұмыстың қиындығы – теміржол қозғалысын бақылау үшін автоматтандырылған жүйенің жоқтығы және газдалғандық қызды туған Екібастұзына оралуға және таныс көмір кәсіпорнына жұмысқа тұруға мәжбүр етті.  

 - Мен бұрынғы Солтүстік ЖКБ «Западная» станциясында оператор болып жұмыс істей бастадым, сосын «Граничная» станциясы бойынша кезекші лауазымына ауыстым. «Западныйда» жұмыс істегенде диспетчер Надежда Сигидина маған көп қолдау көрсетті. Жаңа орынға үйренуге менің ағайым Николай Михайлович Заборсин де көп көмегін тигізді, ол онда СЦБ бойынша учаскені басқарды.

93 жылы бала күту демалысынан шыққан соң БЖКБ-ның «Богатырская» станциясына екінші разрядты оператор болып ауыстым. Компьютермен жұмыс істедім. Разрядты көтеруге тағылымдамадан өттім, «батырманы» басуға отырдым. Өндірістен қол үзбестен пойыз диспетчері мамандығын меңгердім.

Жұмысым өзіме ұнайды. Теміржолшыдан басқа мамандықтың қолымнан келері кәдік шығар. Менің барлық отбасым өз өмірлерін осы болат магистральмен байланыстырды ғой. 

Менің анам Тамила Максимовна Самборская «Северный» кенішінде тарату орнында кезекші болды, әкем Алексей Иванович Самборский - «Южный» станциясында электрші. Қазір онда пойыз құрастырушы болып күйеу балам Олег Юрьевич Бобров және жиенім Никита Олегович Бобров еңбек етуде. Немере ағам Николай Павлович Артёменко электровоз машинисті болып жұмыс істейді. Жылжымалы құрам электромеханигін оқыған ұлым Вячеслав та теміржолда жұмыс істеуді жоспарлауда.  

 

 

 «Богатырь Көмір» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі техникалық директорының орынбасары Наталья Шулаева өзінің кәсіби жолдары мен кәсіпорындағы жетістіктері туралы ерекше тебіреніспен айтады. Әр адам өзін қоршаған ортаны және айналысқан ісін сүю қажет деген сенімге бағына отырып ол өзінің жұмысына толығымен берілген екен. Сонымен қатар өздігінен білім алуға және үнемі алға жылжуға ерекше көңіл бөледі. Оның негізгі өмірлік ұстанымы - әрдайым ағында және барлығынан хабардар болу. Біздің сұхбатымыздың кейіпкері үшінші дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісінің иегері, адал еңбегі мен кәсіпорынды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

Наталья Анатольевна үшін ересек өмірге аяқ басу 70 жылдардағы көптеген екібастұздық мектеп бітірушілер сияқты тау-кен техникумына түсуден басталды. Ол «Жылжымалы көлікті пайдалану» мамандығын таңдады.

Жас маман Наташа Шулаева диплом алды тәжірибесін Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасында өтті.

- Сол уақытта БЖКБ-ны Михаил Петрович Богомяков басқарған. Ол бірден жас тәжірибеден өтушілердің болашақ жұмыс орындарын анықтады. Мен «Богатырская» станциясына тап болдым. Онда ПЦ пост операторы болып жұмыс істедім. Сосын «Соединительная» станциясына көлік диспетчері болып ауыстым. 1995 жылдан бастап өз еңбек қызметімді кәсіпорынның оқу-курстық комбинатында өндірістік оқытудың шебері ретінде жалғастырдым.

Наталья Анатольевнаның айтуынша тәжірибеден теорияға өте отырып «жағымсыздан өту» әдісін байқап көргісі келген. Онысы бекер болмапты. Оған өндірістік оқыту ісінің меңгерушісі Армина Александровна Ходаревамен қызметтес болу және оның бай тәжірибесін қабылдау бақыты бұйырды.

2001 жыл біздің кейіпкер үшін өзгерісті жыл болды – сол сәттен бастап оның қызметі күрт жоғарлады және әлі де жалғасып келеді. Наталья Шулаева «Майкөбе» кенішіне қауіпсіздік техникасы бөліміне жетекші инженерлік жұмысқа шақырылды, кейін ол онда инженерлік топ басшысы лауазымына тағайындалды.   

- Бастапқыда қорқынышты болды. Жаңа ақпараттың, оның ішінде заңнамалық, нормативтік ақпараттың ауқымды көлемін игеруге тура келді. Қасымдағы адамдардың арқасында өз күшіме сендім.

Сол кезде біздің кейіпкеріміз жас кезінде алған білімінің жеткіліксіз екенін түсінді. Сондықтан 40 жасында ЕИТИ-ға түсіп тау-кен инженері бойынша оқуды бітірді.

Наталья Анатольевна жаңа жұмысында да, институтта оқыған кезде де бұрынғы әріптестерімен кездесіп қалатын. Олардың кейбірі ақырында оның өмірінде маңызды рөл атқарды. Сол адамдардың ішінде «Богатырь Көмір» ЖШС-нің техникалық директоры Сергей Владимирович Зарапин болды, ол өзінің қазіргі орынбасарына компанияға оралып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті басқаруды ұсынды.

- Мен зор білім қорымен және өмірге деген басқа көзқараспен оралдым. Туған көмір кәсіпорнымды жаңадан көрдім. Өткен 7 жылда экологиялық жағдайды жақсарту ісінде көп жұмыстар атқарылды. Біздің бөлімшенің аумағын абаттандыру жұмысы жаңа күшпен қалпына келтірілді. Қазір өнеркәсіптік алаңшада жұмыскерлердің күшімен 37 мың данадан аса гүл отырғызылды, жасыл көшеттер отырғызу жүзеге асырылды және әрі қарай оларды күтіп-баптау қамтамасыз етілген.

Өндірістік қалдықтарды пайдалану бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Кәсіпорында қайталама шикізатты, макулатураны жинау басталды. Келесі кезекте қолданылған пластиктерді қайталама шикізатқа және автомобиль корпустарын металл корпустарына айналдыру жұмысы тұр. 2018 жылы қайталама шикізатқа айналған қалдықтар көлемін 20-30%-ға көтереміз деп үміттенеміз.  Бұл жоюға жіберілген шығындарды жартылай жабуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта біздің сұхбаттасымыз осындай үлкен жоспарларды жүзеге асырумен өмір сүруде. Оның айтуынша баста көптеген идеялар мен пікірлер бар. Ал оларды өмірде іске асыру үшін аз  тоқтау мен көп драйв қажет.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

Жаңалықтар тізіміне оралу